«2024 жылғы 24-26 маусым аралығында Шымкент қаласы делегациясының Қытай Халық Республикасының Сиань және Үрімші қалаларына сапары туралы»

Среда, 03 Июль 2024 10:26 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 219 раз

Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Кәрімов Айдын Мейрамбекұлы «2024 жылғы 24-26 маусым аралығында Шымкент қаласы делегациясының Қытай Халық Республикасының Сиань және Үрімші қалаларына сапары туралы» баспасөз конференциясын берді.

 

1Fot

 

Шымкент пен Сиань қалалары арасында бауырластық қарым-қатынас орнатудың 1 жылдық мерейтойы қарсаңында Қазақстан Республикасының Сиань қаласындағы Бас консулдығының қолдауымен Шымкент қаласының әкімі бастаған ресми және іскер делегациямен 2024 жылдың 24-25 маусымы аралығында Сиань қаласында болды.

Сапар барысы Сиань қаласындағы көлік-логистикалық терминалды аралаудан басталды. Қазақстан мен Қытай басшыларының Қытайдың Шэньси қаласын Қазақстанмен, Орталық Азиямен және одан әрі Еуропамен байланыстыратын логистикалық орталық салу туралы келісімі аясында құрылған.
Жалпы Сиань қаласы Қытайдың транзиттік орталығы, ал құрғақ порты елдегі ең үлкені. Мұнда Қытай мен Еуропалық Одақ арасындағы контейнерлік пойыздардың жалпы көлемінің 40 пайызға жуығы қалыптасады. Терминал еліміздің экспорттаушылары үшін жаңа нарықтарға жол ашады, жүктерді жеткізу мерзімдерін айтарлықтай қысқартады және Қазақстанның Еуразиядағы сенімді транзиттік хаб ретіндегі ұстанымын нығайтады дейді, - А.Кәрімов.

#RSK #RSK_SHYMKENT
Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Последнее изменение Среда, 03 Июль 2024 10:31
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.