Қастерлейдi халқымыз қаһарманын

Пятница, 08 Май 2015 04:57 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3588 раз

Қадірлі Ұлы Отан соғысының ардагерлері және
тыл еңбеккерлері!

199 1

Баршаңызды ерліктің дастаны Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Жеңіс күні – нағыз табандылық пен батылдықтың, өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктің, ержүрек батырларымыздың асқақ рухының символына айналған абырой мен даңқтың мерекесі. Қазақстан халқының өрлігін, өжеттігін, абыройын паш етумен қатар, бейбіт өмір мен Отан үшін жан қиған жауынгерлерімізді еске алатын ерекше маңызды да айтулы күн.
Биыл 70 жылдығы кең көлемде аталып өтіп жатқан Ұлы Жеңіс күні халқымыздың шежіресінде мәңгі қалары, тарих төрінен орын алары анық. Бейбіт өмір мен жасампаздық үшін күрескен қаһармандарымызың ерліктері ешқашан ұмытылмайды. Ардагерлеріміздің көрсеткен ерлігі өшпес өнеге. Ол өскелең ұрпақты еңбекке, Отанды қорғауға рухтандырады. Сондықтан Ұлы Жеңіс күні қарсаңында 7 мамырда біз егемен еліміздің айтулы мемлекеттік мерекесін – Отан қорғаушылар күнін атап өтеміз. Бүгінгі күні айбары асқақ Қарулы Күштеріміз Отанымыздың шекарасын, аумақтық тұтастығын қорғау мақсатында қызмет етуде. Жауынгерлеріміздің бойында отаншылдық рух күшейіп, әскери қызметтің беделі көтерілді.

Қадірлі ардагерлер және
тыл еңбеккерлері!

Ауыр күндердегі адал еңбектеріңіз бен белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз үшін бүгінгі буынның айтар алғысы шексіз. Салтанатты мереке қарсаңында шын жүректен Сіздерге зор денсаулық ұзақ  ғұмыр тілейміз! Әрқашан аспанымыз ашық, күніміз жарқын болсын! Елімізде бейбітшілік туы мәңгі желбіресін! Әрбір шаңырақтан шаттық, жақсылық пен қуаныш кетпесін! Жеңіс күні құтты болсын!

Д. САТЫБАЛДЫ,
Шымкент қаласының әкімі 
 Н. БЕКНАЗАРОВ,
Шымкент қалалық мәслихатының
хатшысы

 

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.