«Ордабасы» Израильдің «Бейтар» командасымен ойнайды Избранное

Понедельник, 22 Июнь 2015 11:55 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3037 раз
DSC 023838888888888888888888Швейцарияның Ньон қаласында орналасқан УЕФА-ның штаб пәтерінде бүгін еурокубок ойындарының жеребесі тартылды. Осы жиында биылғы маусымда Еуропа лигасына қатысатын Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубының қарсыласы анықталды.
 
Шымкенттік командаға Израильдің «Бейтар» командасы қарсылас атанды. Айта кету керек, «Бейтар» командасы Израильдің 6 дүркін жеңімпазы, 7 мәрте ел кубогының иегері болған.
 
Бүгін Еуропа лигасына қатысатын тағы екі қазақстандық команданың да қарсыластары белгілі болды. Атап айтқанда, алматылық «Қайрат» «Црвена Звездамен» (Сербия), «Ақтөбе» «Нымме Кальюмен» (Эстония) кездеспек.
 
Енді аталған үш команда іріктеу кезеңдерін бірінші кезеңнен бастайды. «Ордабасы» мен «Ақтөбе» алғашқы ойындарын 2 шілде күні Қазақстанда бастаса, «Қайрат» сырт алаңда ойнайды. Қарымта матчтар 9 шілде күні өтеді.
 
Сондай-ақ, бүгін Чемпиондар лигасында бақ сынайтын «Астана» командасының да қарсыласы анықталды. Бұл орайда елордалық клуб екінші кезеңде Словенияның «Марибор» клубымен кездеседі. Алғашқы кездесу Мариборда 14-15 шілде күні, ал, қарымта кездесу 21-22 шілде күні Астанада өтеді.
 
"Шымкент келбеті"
Последнее изменение Вторник, 23 Июнь 2015 09:22
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.