Журналистер үшін құқықтық сауаттылығын арттыру маңызды Избранное

Среда, 24 Июнь 2015 09:17 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 4501 раз
28 Маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні мерекесі қарсаңында Қазақстанның Журналистер одағы ОҚО филиалының төрайымы Айгүл Қапбарова «Оңтүстік» ақпарат орталығында филиалдың атқарған жұмыстары жайлы есеп берді.
 MG 5850БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен жиында А. Қапбарова қаламды қару еткен тілшілер қауымын төл мерекелерімен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі. Журналистік принциптерге адал болуға, ұлт саулығы мен құқықтық сауаттылықты БАҚ беттерінде көбірек насихаттауға шақырды.
 
– Оңтүстік өңірінде 240-қа жуық басылым, 12 телеарна, 3 радио, 9 интернет ресурс бар. Журналистердің біліктілігін арттыру мақсатында семинар-тренингтер мен байқаулар ұйымдастырып тұрамыз, – деді Айгүл Қапбарова.
 
Сондай-ақ, өз сөзінде ол Қазақстанның Журналистер одағы ОҚО филиалының ұйымдастыруымен Наурыз мерекесін және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің арасындағы дәстүрлі спорттық спартакиаданы өткізгенін атап өтті.
 
– Біздің Журналистер Одағы филиалының арнайы бюджеті жоқ. Дегенмен, қоғамдық бірлестіктермен мемерандумға отырып, солардың қолдауымен және демеушілеріміздің тарапынан жиналған қаржыға іс-шаралар кестесін бекітеміз. Біздегі аймақтық филиалдың өз есепшоты бар. Одаққа мүше әрбір журналист жыл сайын 1 000 теңгеден жарна төлейді, – деді Айгүл Қапбарова.
 
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.