Бүгінде электронды үкімет порталы арқылы көптеген мемлекеттік қызметтерді жылдам әрі сапалы алуға мүмкіндіктер қарастырылған. Бұл электронды үкімет порталының бірден бір жетістігі. Қызметті пайдаланушылар ХҚКО жүгінбей өз бетімен нәрестені балабақша кезегіне қойып, ата-тегі мен есімін өзгеруге өтініш беріп, жеке кәсіпкерлігін тіркей алады. Сонымен қатар мемлекеттік баж, салық, жол қозғалысын бұзғандығы үшін айыппұлды, коммуналдық қызмет ақысын төлей алады.
«Connection Point» немесе өзіне өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы қажетті мемлекеттік қызметті тұтыну үшін клиенттің ЭЦҚ-сы (электрондық цифрлық қолтаңба) болу керек. Электрондық цифрлық қолтаңбасы бар кез-келген адам кезек күтпей «Connection Point» аймағының кеңесшілері арнайы жабдықталған орында қызметті электрондық үкімет порталында өздігіңізден жұмыс істеуіңізге үйретіп, кеңес береді.
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталықтары «Connection point» секторлары арқылы жылдың басынан бүгінге дейін 186 552 аңықтама беріліп, 188 300 кеңес берілген.
«ХҚКО» РМК ОҚО бойынша
филиалының баспасөз қызметі