Шымкенттің келіндері-ай!

Пятница, 25 Март 2016 05:09 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 6304 раз

Қаламыздағы әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында облыстық жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен Наурыз мерекесіне орай «Ұлттық салт-дәстүр нәрімен сусындаған – Бесік жыры» атты келіндер байқауы өтті.

kelinder baiqauy

Мерекелік байқау «Ақ босаға» әнімен ашылып, «Шашу» және «Көркем» әжелер тобы мүшелерінің ақ батасымен бастау алды.
Сайысқа қатысушылар 5 кезең бойынша сынға түсті. Атап айтсақ, «Сымбат-көркі сынымен!» – өзін-өзі таныстыру, «Сәбиімді әлдилеймін әндете» – бесік жырын орындау, «Ана көрген тон пішер» – қолөнер, «Салт-дәстүр асыл қазынам» – сұрақ-жауап, «Өнерлі өрге жүзер» – өз өнері, «Даналар мұрағаты» – мақал-мәтел жарысы тақырыбында бақ сынаған келіндер біліктілігі мен өз өнерлерін көрсетті.
Ұлттық салт-дәстүрімізді ұлықтаған сайыста келіндер аянып қалған жоқ. Олар барлық кезеңде белсенділігімен көзге түсіп, үздік шығуға тырысты. Келіндердің өнеріне әжелер қауымы ой-пікірлерін айтып, бағасын беріп отырды. Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені
ОҚМУ-дың 3 курс студенті Әсем Нұралиева иеленді. Бірінші орынға Б.Момышұлы атындағы №44 жалпы орта мектеп оқытушысы Жанар Оралбаева лайық деп танылса, екінші орынды банк қызметкері Динара Наханова, ал үшінші орынды Жұлдыз Қалмұрзаева жеңіп алды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.