×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Заңсыз нысандар бұзылады Избранное

Среда, 30 Март 2016 05:07 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 4993 раз

Шымкент қаласында биыл заңсыз түрде салынған 30 құрылыс нысаны сот шешіміне сәйкес бұзылатын болды. Қаланың орталық көшелерінің бірі – Арғынбеков көшесінің бойындағы бұзылған құрылыс нысанының орнына қала әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров арнайы келіп, ондағы жұмыстың барысымен танысты.

DSC 0240Әкімдік тарапынан жасалған бұған дейінгі ескертулерден тиісті қорытынды шығармаған құрылыс нысанының иелеріне енді тиісті айыппұлдар салынбақ. Сондай-ақ, бұл күні қала әкімінің орынбасары Байтұрсынов – Мырзабеков көшелерінің қиылысында жаяу жүргіншілер жолын қиыршақ тастармен жауып тастаған құрылыс нысанының иелерін шақыртып, құрылыстың қаншалықты заңдылығына көз жеткізді.
– Жалпы, қандай да бір құрылыс нысанын бастаған азаматтар қалалық сәулет және қала құрылысы бөліміне өтініш беруге міндетті. Ондағы мамандар нысанның орналасу орны мен құрылыс сапасы қаншалықты заңға сәйкес келетінін анықтап, 5 жұмыс күні мерзімінде тиісті рұқсатын беруі тиіс. Алдын ала ескертулерді елеусіз қалдырғаны үшін заңсыз салынған 30 құрылыс нысаны бұзылады, – деді Нұралхан Оралбайұлы.
Айта кетейік, Шымкент қаласы бойынша бүгінде 9 көше бойынан заңсыз салынған 282 құрылыс нысаны анықталған. Алдын ала жасалған ескертулерге сәйкес, оның 80-і қайта бұзылған. Өзге нысандар бойынша іс сотқа жолданды.