Қазығұрт шыңын бағындырды

Среда, 30 Март 2016 06:15 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3996 раз

Шымкентте саяхатты ұнататын жандарға арналған «Клад» атты клуб бар. Клуб мүшелері аптаның әр демалыс күндері қала тұрғындарын саяхатқа шақырып, веложорықтар ұйымдастырады. Осылайша, өңірімізде туризмді түлетіп, Оңтүстіктің көрікті жерлерін насихаттап, табиғатқа жанашыр жандардың қатарын арттыруға үлес қоспақ.

qazghurt tauy

Олар сапарын әз Наурыз қарсаңында Нұх пайғамбардың кемесі тоқтаған қасиетті мекен Қазығұрт тауынан бастады. Әлеуметтік желідегі хабарландырудан кейін тауға шығуға 150-ге жуық адам ниет білдіріпті. Олар 1768 метр биіктікті бағындырып, спорттық шараларға қатысты.
Сондай-ақ, бұл күні тұңғыш рет сайраннингтен сайыс өтті. Жарысқа қатысушылар 2,7 шақырымға созылған Қазығұрт шыңына жүгіруден жарысты. Жарыс нәтижесінде 40 жастан жоғары қатысушылар арасында Гауһар Сәрсенбаева мен Жамал Мыкамылов жеңімпаз атанса, 40 жасқа дейінгілер арасында Лидя Гостищева мен Сәулет Байтенов топ жарды.
– Мұндай саяхаттар жыл бойына үздіксіз өткізіледі. Әр маусымның ерекшелігіне байланысты түрлі спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырамыз. Арыс өзенінде катамаранмен жарыссақ, Оңтүстіктің тауларында шаңғымен құлдилаймыз. Деніңіздің саулығы үшін осындай сейілдерден қалып қоймаңыздар, – дейді «Клад» президенті, сайраннингтен бірнеше дүркін жеңімпаз Ербол Оразалин.

qazghurt tauy-2

Последнее изменение Среда, 30 Март 2016 06:20