Шымкенттiң жасыл желегi Избранное

Пятница, 08 Апрель 2016 03:51 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 5192 раз

Қаланың 2475 гектар болатын жасыл белдеуіне 3 млн 281 мың ағаш көшеттері отырғызылды. Жасыл желектерді егу мен күтім жасау жұмысын жүргізетін «Жасыл аймақ» коммуналдық мекемесі 2248 га жерге – 2 810 000 дана қарағаш, 125 га жерге – 416 600 дана терек, 52 га жерге – 21 700 емен көшеттерін екті.

zhasyl zhelek shymkentСонымен қатар, мұнда 50 га жерге 33 мыңнан астам алма, алша, шабдалы, алмұрт сынды бірқатар жеміс көшеттері де отырғызылды.
«Жасыл аймақ» бағдарламасы аясында көшет егу жұмыстары қаланың төрт бөлігінде жүргізілді. Олар 1700 га алқапты алып жатқан «Айкөл», 385 га құрайтын «Ақтас», аумағы 300-ге жуық гектар болатын «Бөржар» мен 100 гектарлық «Қайнарбұлақ» учаскелері. Осыған дейін Шымкент қаласындағы 2564 га жерге ағаш көшеттері егіліп, нәтижесінде, жасыл аймақтың аумағы 5 мың гектарға жетті. Отырғызылған көшеттердің барлығы дерлік жергілікті тәлімбақтардан алынып отыр.
ОҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, алдағы уақытта көшеттерді өзімізде өсіру үшін арнайы 20 гектар жерге тұқымбақ салынбақ. Онда қылқан жапырақты ағаш түрлері мен ақ қайың өсіру және басқа да ағаш көшеттерін өсіру қолға алынады деп жоспарлануда.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.