"Ақтаста" оқу-дала жиыны басталды Избранное

Пятница, 15 Апрель 2016 05:51 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 7056 раз

Шымкенттегі 6506 әскери бөлімінің «Ақтас» оқу-жаттығу кешенінде қаланың орта мектептерінде тәлім алатын 10 сынып оқушылары мен әскери-спорттық клубының тәрбиеленушілері үшін оқу-дала жиыны басталды. Шараның ашылу рәсіміне қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов, қала әкімдігінің қызметкерлері, қалалық «Нұр Отан» партиясының өкілдері, қалалық мәслихат депутаттары, ардагерлер мен ата-аналар комитетінің төрағалары қатысты.

570f14421e168

– Бұл жасөспірімдердің өміріндегі ең маңызды күн болмақ, – деп атап өтті Ғ.Рахматоллаұлы. – Отанды қорғау – әрбір азаматтың міндеті. Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде еліміз әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан жоғары жетістіктерге қол жеткізді. Ендігі жерде, жастар да туған елінің патриоты атанып, ұлттық мүдде жолында қызмет етуі тиіс.
Биылғы оқу-дала жиынына барлығы 3327 оқушы қатысуда. Жиын барысында олар бастапқы әскери дайындықтан өтіп, қару ұстау ережелерімен таныса алады. Сапқа тұрып, тәртіпке негізделген әскери ережелерді үйренуге толық қадам жасамақ.

Ж. СЕРІКҰЛЫ

Последнее изменение Пятница, 15 Апрель 2016 05:59
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.