Өнер фестивалi өтедi

Пятница, 22 Апрель 2016 07:19 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 5014 раз

Теміртаулық граффитиші Павел Каса жуырда Шымкентке келмек. Қала әкімдігінің өкілдері үздік өнер иесін облыс орталығында 13-15 мамыр аралығында өтетін «Shymkent Art Days 2016» заманауи өнер фестиваліне қатысуға шақырды.

– Павел Кас – қазіргі замандағы өзекті мәселені суретімен көрсете білетін шығармашылық иесі. Шымкент үздік өнер иесін қуана қарсы алады деп ойлаймын. Ал фестиваль ұйымдастырушылары оған қажетті материалдарды ұсынуға әзір. Оның салған суреттері қаланың көркін одан сайын аша түсетініне сеніміміз мол, – деді қала әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай.
Павел Касаның граффитиі жұртшылық арасында танымал. Ол өзінің әріптестерімен бірге тұрғын үйдің қабырғасына француз суретшісі Анри Матистің «Би» деп аталатын картинасын бейнелеген. Онда адамдар түтіні будақтаған құбырды айналып, билеп жүреді. Осылайша, суретшілер қоршаған ортаның ластануына қарсылығын білдіреді.
Айта кетейік, «Shymkent Art Days 2016» фестивалі қаламызда алғаш рет өтіп, «Қазіргі заманның үндеуі» атты тақырыпта ерекше өнер иелерінің басын қоспақ. Онда стрит және поп-арт, мүсін және сәулет, дизайн және граффити секілді шығармашылық бойынша сынға түседі.

Э. МАҚСАТ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.