«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері сенбілік өткізді

Среда, 04 Май 2016 09:42 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 6067 раз

30.04


«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері еліміздің барлық облыстық орталықтарында және қалаларында сенбілікке шықты. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша, қалаларды тазарту мен көгалдандыруға мемлекеттік корпорацияның 530 ден астам қызметкері қатысты.  

«Біз жаңа құрамда жалпы қалалық сенбілікке алғаш рет қатысып отырмыз, - деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Оңтүстік қазақстан облысы бойынша филиалы – «ХҚКО» департаментінің директоры Серік Авганбайев – Бүгін біз облыстық орталықтардың аумақтарын тазартуға және ағаштар отырғызуға қатысып қана қоймай, сондай-ақ бұрын жеке-жеке жұмыс жасаған төрт ұйымның ұжымын біріктірдік.

Сенбілік барысында мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері көшелерді, қалалалық бақтары мен саяжайларын тазартып, 100 астам көшет отырғызды, қоршау мен бордюрлерді ақтады. Бүгін барлығы да: инспекторлар, заңгерлер, экономистер және департаменттердің директорлары тең деңгейде жұмыс жасады. Өз қаласының таза болуына әрқайсысы да үлес қосқысы келді.

30.04 2

«Бүгін Мемлекеттік корпорацияның ауқымын алғаш рет сезіндім», - деді «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК департаментінің қызметкері Үсенбек Байкен. – Әрине, мен біріккеннен кейін штат қызметкерлерінің саны көбейгенін 20 мың адам болғанын естідім, алайда дәл осылай болады деп күтпеген едім. Бүгін алдағы болашақта орасан зор жұмыс атқарғалы тұрған өзіміздің жаңа әріптестерімізбен бетпе-бет танысу мүмкіндігі болды».

«Жер кадастры ғылыми-өндірістік-орталығы» РМК, «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК, «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» РМҚК және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК-ларды қайта ұйымдастыру жолымен құрылған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 2016 жылғы 11 сәуірде өз қызметін бастап кеткендігін еске саламыз.

Мемлекеттік корпорацияны құруға барлық бизнес-процестерді оңтайландарып, автоматтандыру негіз болды, яғни: қызмет көрсету уақытын қысқарту және құжаттар тізімін азайту. Алғашқыда «Азаматтарға арналған үкімет» 522 қызмет көрсетсе, келесі этапта 700-ден астам мемлекеттік қызмет көрсетпек.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.