Пәтер алып беремiн деп...

Пятница, 10 Июнь 2016 05:15 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3884 раз

Шымкентте алаяқтық қылмысы бойынша
жедел тергеу тобы құрылды

Бүгінде тұрғындардың құқықтық сауаттылығының төмендігін пайдаланып, орта жолдан оңай олжа табуды көздейтіндердің қатары арта түсуде. Осыған орай Шымкент қаласында орын алған алаяқтық қылмыстары бойынша Шымкент ҚІІБ жедел тергеу тобы құрылды.

alayaq

2016 жылдың 5 ай қорытындысымен, Шымкент қаласында орын алған алаяқтық қылмыстары бойынша 2473 қылмыстық ісі СБТБТ-не енгізілген. Оның ішінде 1008 қылмыстық ісі өндіріспен аяқталып, оның 669 ісі айыптау актісімен сотқа жолданып, 339 ақталмайтын негіздермен қысқартылған.

Қазіргі таңда, орын алып жатқан алаяқтық қылмыстарының 80 пайызы азаматтардың сенімдеріне кіріп, алаяқтық жолмен ірі және аса ірі мөлшерде ақшаларын заңсыз иемденіп кетіп жатыр.

Сондықтан, сіздерге және Шымкент қаласының тұрғындарына, жоғарыда аталып өткендей алаяқтық қылмыстарының көптеп орын алуына байланысты, кезектен тыс жер және мемлекеттік бағдарламамен пәтер алып беремін деп, осы тектес банктен аз пайызбен несие шығарып беремін немесе жұмысқа кіргізіп беремін деп көмек бермекші болған азаматтар болған жағдайда, құқық қорғау органдарына тез арада хабарлауларыңыз керек.

Егер сіздер, мемлекеттен үй және жер алғыларыңыз келген жағдайда, заңды түрде өздеріңіз қажетті құжаттарды жинақтап, мемлекеттік органдарға арыздануларыңыз қажет. Сонымен қатар, жұмыссыз болсаңыздар, қажетті құжаттарды жинап, жұмыспен қамту орталығына арызданып, тіркелу керектігін айтқымыз келеді.

Алаяқтық қылмыстары бойынша төмендегідей тұлғалар сотты болған:

1. М.Темірәліге қатысты ҚР ҚК-нің 190 бабы 3-бөлігі 2-тармағымен қозғалған барлығы ауыр санатына жататын қылмыстық істер тергеліп, айыптау актісімен сотқа жолданып, Еңбекші аудандық сотымен М.Темірәлі 4 жыл 6 айға сотты болған.
М.Темірәлі Шымкент қаласында 121 азаматтың сеніміне кіріп, «Күзет агенттігіне» жұмысқа кірігізіп беремін деп ірі мөлшерде ақшаларын заңсыз иемденіп кеткен. Жалпы шығын 2400000 теңгені құраған.

2. О. Әбдікәрімов, «көп балалы ана және мүгедектік бойынша мемлекеттік бағдарламасына сай» пәтер алып беремін деп, 15 азаматтан үлкен сомадағы ақшаларын иемденіп кеткен. Жалпы шығын 3900000 теңгені құраған.
Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен О.Әбдікерімовке 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

3. Н. Естаев, өзінің меншігіне сату сатып алу келісім шартын жасап заңсыз үйлерді иемденген». 26 жәйт бойынша айыптау актісімен сотқа жолданған. Жалпы шығын 7300000 теңгені құраған.
Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен Н.Естаевқа 4 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

4. Т. Ижанов, «пәтер алып беремін деп» алаяқтық жасаған. 32 жәйт бойынша айыптау актісімен сотқа жолданған. Жалпы шығын 9150000 теңгені құраған.
Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен Т.Ижановқа 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

5. Г. Кадирова, «жедел жәрдем станциясына жұмысқа кіргізіп беремін деп» алаяқтық жасаған. 29 жәйт бойынша айыптау актісімен сотқа жолданған. Жалпы шығын 4150000 теңгені құраған.
Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен Г.Кадироваға 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

6. З. Малдыбаева, «жұмысқа кіргізіп беремін, несие алып беремін деп» алаяқтық жасаған. 27 жәйт бойынша айыптау актісімен сотқа жолданған.
Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен З.Малдыбаеваға 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Жалпы шығын 2620000 теңгені құраған.

7. Т. Жанысбеков, «тендер ұтып беремін» деп алаяқтық жасаған. 6 жәйт бойынша айыптау актісімен сотқа жолданған. Жалпы шығын 5136000 теңгені құраған.
Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен Т.Жанысбековке 6 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

8. Г. Калимбетова, «пәтер алып беремін» алаяқтық жасаған. 23 жәйт бойынша айыптау актісімен сотқа жолданған. Жалпы шығын 7505000 теңгені құраған.
Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен Г.Калимбетоваға 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

9. А.Серикбаева, «үйдің құжаттарын жалған жасап, кепілге қойған». 13 жәйт бойынша айыптау актісімен сотқа жолданған. Жалпы шығын 4370000 теңгені құраған.
Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен А.Серикбаеваға 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

10. А.Жорабекова, « алтын бұйымдарын сатып беремін деп алып, өзінің қажеттілігіне жаратқан» 12 жәйт бойынша айыптау актісімен сотқа жолданған. Жалпы шығын 3295000 теңгені құраған.
Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен А.Жорабековаға 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.
Осыған мағыналас бірнеше эпизодты алаяқтық қылмыстарымен М.Асанбай, Қ.Буртебаев, А.Али, С.Бекбосынова, Л.Жакипбаева, Р.Сламова, А.Абдуллаев т.б. тұлғалар сотқа айыптау актісімен жолданып, түрлі жазалар тағайындалған.

Шымкент қалалық
жергілікті полиция қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.