Бір күндік жалақыларын аударды

Пятница, 10 Июнь 2016 05:57 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3323 раз

Елімізде ұлттық аза тұту күні «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы орталық аппаратының және дирекцияларының қызметкерлері Ақтөбе қаласында террорлық әрекет кезінде қаза тапқандардың отбасыларына көмек ретінде  бір күндік жалақыларын  аударды.

 «Ақтөбеде орын алған қасірет әрбір қазақстандықтың жүрегіне терең әсер етті», – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқармасының төрағасы Данияр Еренчинов – «Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің атынан бұл бақытсыздыққа ұшыраған әрбір отбасының қайғысына ортақтасып, көңіл білдіремін. Террорлық әрекет құрбандары мен қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларын қолдау үшін ақшалай қаржы есеп шоттарына жолданды».

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тез сауығуын тілейді.

«Азаматтарға арналған үкімет»
 мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ
 баспасөз қызметі
тел.: 8 7172 27 06 58 (109)

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.