Журналистер құрметке бөленді Избранное

Пятница, 01 Июль 2016 05:30 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 4248 раз

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні мерекесіне орай бірқатар журналистерге құрмет көрсетті. Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуында елеулі еңбек етіп жүрген БАҚ өкілдері «Barvilla» мейрамханасында бас қосты.

MAX 1777 1

Қала әкімі Ғабидолла Рахматоллаұлы көпшілікті мерекемен құттықтап, қаланың түрлі саладағы жетістіктерін нәсиxаттап жүрген бірқатар журналистерді марапаттады.
– Қала өміріндегі елеулі оқиғаларды бұқараға жылдам әрі жан-жақты жеткізіп жүргендеріңізге алғыс айтамын. Бүгінгі қоғамдағы түйткілді мәселелерді шешуде бұқаралық ақпарат құралдарының орны зор. Сіздер халық пен билік арасында «алтын көпір» бола білдіңіздер. Сіздерге шығармашылық жетістіктер тілеймін! – деді қала әкімі.

MAX 1815

Мерекелік кеште қала әкімінің арнайы Алғыс xаты «ТВК» телеарнасы директорының орынбасары Ринат Хамидуллинге, республикалық «Қазақ әдебиеті» газеті және «Жас Алаш» газеттерінің Оңтүстік Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі Ғалымжан Елшібайға, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің бұқарамен байланыс бөлімінің меңгеруші Жеңіс Баһадүрге және тағы басқа азаматтарға табыс етілді.

Сонымен бірге, қалалық мәслихат хатшысы Нұрлан Бекназаров та белсенді БАҚ өкілдерінің еңбегін атап өтті.
Қала өмірінің тыныс-тіршілігін насихаттауда «Шымкент келбеті» және «Панорама Шымкента» газеттерінің де үлесі зор. Әдеттегідей, қала әкімдігі әріптестеріміздің еңбегін назардан тыс қалдырған жоқ. «Шымкент келбеті» газеті бас редакторының орынбасары Сәбит Тастанбекұлы қала әкімінің, «Панорама Шымкента» газетінің жауапты хатшысы Әсел Хамзина қалалық мәслихаттың Алғыс хатын иемденді.

Последнее изменение Пятница, 01 Июль 2016 06:21
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.