Көп балалы аналар марапатталды Избранное

Среда, 07 Март 2018 04:42 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 1022 раз

ОҚО әкімі Ж.Түймебаев қыз-келіншектер мен аяулы аналарды 8 наурыз – халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

Мейрам қарсаңында нәзік жандыларға арнайы ақ дастархан жайылып, «Әйел-ана – өмірдің өзегі» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Салтанатты іс-шараға ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері, облыс әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері, түрлі салада қызмет ететін қыз-келіншектер қатысты.

– Құрметті, ардақты аналар мен аяулы арулар! Сіздерді төл мерекелереңізбен шын жүректен құттықтаймын! Біздің қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттік қызмет пен қоғамдық істе де, кәсіпкерлік пен тәлімгерлікте де тамаша табыстарға қол жеткізе отырып, саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Елімізде көп балалы аналар саны бойынша біздің өңіріміз көш бастап тұр. Бүгінде облыста көп балалы аналарымыз 98 600-ден асты. Олардың 3998-і «Батыр аналар», 16361-і «Алтын алқа», 42 724-і «Күміс алқа» иегері. Ал, 6906 ана І және ІІ дәрежелі «Ана Даңқы» орденімен марапатталған. Елдің өсіп, өркендеуіне ерекше үлес қосып отырған жандар қашанда аман болсын, – деді Жансейіт Қансейітұлы.

Мерекелік жиында аймақ басшысы қоғамда айрықша белсенділігімен көзге түсіп жүрген 33 әйел азаматын марапаттады. Бесеуіне «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісі табысталса, 14-і облыс әкімінің грамотасын, 9-ы облыс әкімінің алғыс хатын алды. Ал 5 ананың кеудесіне «Алтын алқа» төсбелгісі тағылды. Сондай-ақ, әкім салтанатты шараға келген басқа да әйелдерге сый-сияпат жасады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор-Бас редакторы – Айгүл Қапбарова. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.