58 қызметкер қан тапсырды

Пятница, 22 Июль 2016 05:39 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3539 раз

Абай ауданы әкімдігінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен облыстық қан орталығында «Бізбен бірге!» атты акция өтті.

Қатерлі дертке шалдыққан және жол апатына түскен жандарға үміт сыйлау, оларға қолдау көрсету, қамқорлық таныту қасиеттерін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған шараға аудан әкімі Ахмет Татыбаев мекеме қызметкерлерін бастап барды. Абай ауданы әкімдігінің 58 қызметкерлері жалпы 26 литр қан тапсырды.
«Бір адамның өмірін құтқару, бүкіл адамзаттың өмірін құтқарумен тең» деген. Ал «бір адамның өліміне себепкер болу, бүкіл адамзатты өлтірумен тең» дейді. Осы қағидаға сүйене отырып әкімшілік қызметкерлері өз азаматтық борышымыз деп есептейтін жылдағы үрдіс бойынша келесі жылыда донор болуға дайын екендіктерін көрсетуде.

Г. ТАШИМОВА,
Абай ауданы әкімінің орынбасары

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.