«Қазыналы Оңтүстік» – жетістіктерімізді әлеуметтік желілерде насихаттайды

Вторник, 09 Август 2016 15:41 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 4811 раз
Интернетті, оның ішінде әлеуметтік желілерді қолданбайтын жан бүгінде тым сирек. Қазақтың көркем сөз шебері Ыбырай Алтынсариннің айтқанындай, «айшылық алыс жерлерден, көзді ашып-жұмғанша жылдам хабар алғызатын» ғаламтордың игілігін күнделікті пайдаланып жүрміз.  
0101ОҚО Ішкі саясат басқармасы Қазақстан Журналистер Одағы ОҚО филиалымен бірлесіп әлеуметтік желі қолданушылары арасында үздік жазбалар бойынша «Қазыналы Оңтүстік» облыстық байқауын жариялады. Бұл туралы ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте  облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы Болатбек Төлеген хабарлады.
0202– Байқаудың мақсаты – облысымыздың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуын, тарихи ерекшелігін, облыстың туристік және инвестициялық әлеуетін насихаттайтын ақпараттық материалдар жариялау арқылы Оңтүстік өңірінің имиджін қалыптастыру. Облыс әкімі Бейбіт Атамқұловтың тапсырмасы аясында, Оңтүстік бейнесін бір таңбаға сыйдыратын «ON» визуалдық брендін насихаттау, жаңа логотип арқылы Оңтүстік өлкесінің танымалдылығын арттыру байқаудың басты шарттарының бірі, – деп түсіндіріп өтті Б. Төлеген.
0505Әлеуметтік желі қолданушылары «Шежірелі Оңтүстік», «Бірлігі жарасқан Оңтүстік», «Бәсекеге қабілетті өңір», «Оңтүстік өнімі» сынды жалпы саны онға жуық номинация бойынша бақтарын сынайды. Байқауға қатысушылар Ережеге сәйкес ұсынылған он номинацияның бір ғана номинациясы бойынша қатысуға және әлеуметтік желідегі Facebook, Вконтакте, Instagram  парақшаларының бірінде жариялауға құқылы. Әрбір бес күнде 1 жазба жарияланып, жазбалардың жалпы саны байқау мәресіне дейін 25-тен кем болмауы тиіс. Сондай-ақ, байқауға 2016 жылдың 9 тамыз – 5 желтоқсан аралығында әлеуметтік желілерде жарияланған жұмыстар ұсынылады. Жеңімпаздар Тәуелсіздік күні қарсаңында марапатталып, қаржылай сертификат табыс етіледі. Жалпы жүлде қоры 2 500 000 теңгені құрайды.
0606Байқауға қатысу үшін өтінімдер мен материалдар байқауды ұйымдастырушының 247548х@gmail.com электрондық поштасына немесе Шымкент қ. «Нұрсәт» шағынауданы, әкімшілік іскерлік орталығы ОҚО ішкі саясат басқармасына жіберу қажет. Анықтама телефоны: 8 (7252) 24-75-48.
 
 
(Байқаудың ережесімен мына жерден толық таныса аласыздар: http://shymkala.kz)
Ә.АЙТӨРЕ
Последнее изменение Вторник, 09 Август 2016 16:13
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.