Басты міндет – инфрақұрылымды дамыту

Пятница, 30 Сентябрь 2016 08:42 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3834 раз

Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімінің 2015 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарымен есепті кездесу
барысында қойылған
сұрақтар мен ұсыныстардың
ЖАУАПТАРЫ

1. Б. Әшетов, «Маятас» тұрғын алабы, Ә. Жұманұлы көшесі №84 үй тұрғыны:
Сұрақ: Төлеби ауданының құрамында болған елдімекендердегі халықтардың жер телімін алу бойынша кезегін қалаға өткеннен кейін сақтап қалуын сұраймыз.

Жауап: Жер қатынастары бөлімінің мәліметі бойынша Шымкент қаласының аумағына қосылған елдімекендердің тұрғындары жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін алуға Төле би ауданы әкімдігіне бұрынғы мерзімде өтініш білдіріп, кезекке алынған азаматтардың жер кезегін сақтап қалу мүмкіндігін қарастыру бойынша және түсініктеме беру үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрлігінің құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетіне хат жолданған, қазіргі таңда Ұлттық экономика Министрлігінде бұл мәселе қаралу үстінде.

2. Т. Ускенбаев, «Қарабастау» тұрғын алабы, Наурыз көшесінің тұрғыны:
Сұрақ: Сайрам ауданынан екі жылға жалға берілген 800-ге жуық жер телімдерін заңдастырып берсеңіздер екен.

Жауап: Жер қатынастары бөлімінің мәліметі бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 03. 09. 2012 жылғы №1134 қаулысымен бекітілген Шымкент қаласының бас жоспарына өзектендіру (актуализация) жұмыстары жүргізілу барысында, өзектендіру жұмыстары аяқталғаннан кейін, жер учаскелерін заңдастыру жолдары қарастырылатын болады.

3. Ғ. Болатова, Қаратөбе тас жолы №48 үй комитетінің төрайымы:
Сұрақ: Біздің ауламызға спорт алаңшасы орнатылған, спорт алаңшасын алдағы уақытта күтіп ұстау үшін бір мекеменің меншігіне бекіту қажет деп ойлаймын. Осы ұсынысты қарастырсаңыздар?

Жауап: Аудан аумағында орнатылған 25 ашық спорт алаңшаларын бір мекеменің меншігіне өткізу үшін Шымкент қалалық мәслихатының 2016 жылғы 3 мамырдағы №2/11-6с шешіміне сәйкес техникалық құжаттар әзірлеуге 150 мың теңге қаралған. Қала аумағындағы салынған спорттық алаңшаларды Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің меншігіне өткізу жоспарлануда.

4. Ә. Кентаева, №58 балабақша қызметкері, «Күншығыс» шағынауданы №112 үй тұрғыны:
Сұрақ: «Күншығыс» шағынауданындағы №№112,114,115 көпқабатты үйлердің ауласына спорт алаңшасын салып беруді сұраймыз.

Жауап: «Күншығыс» шағынауданы №112,114 көпқабатты тұрғын үйлердің ауласына спорт алаңшасын орнатуға сметалық құжаттары дайындалып, Шымкент қаласының экономика және қаржы бөліміне бюджеттік өтінім берілді, қаржы қаралған жағдайда құрылыс жұмыстары жүргізіледі.

5. И. Исмаилова, Төле би көшесі, №21 Б үй комитетінің төрайымы:
Сұрақ: Биыл біздің үйіміздің ауласына көріктендіру жұмыстары жүргізіледі ме?

Жауап: Алдияров көшесі №№2,4, Адырбеков көшесі №2/2, Төле би көшесі №№15,21Б, 21В, 23А үйлерінің ауласына көріктендіру жұмыстарын жүргізуге 45525,64 мың теңге қаржы көлемі көрсетіліп, Шымкент қаласының экономика және қаржы бөліміне бюджеттік өтінім берілді, қаржы қаралған жағдайда көріктендіру жұмыстары жүргізіледі.

6. М. Ибишев, «Қаратөбе» тұрғын алабының тұрғыны:
Сұрақ: Қапал батыр көшесінің бойына аяқжол салу қажет.

Жауап: Қапал батыр көшесіне аяқжол салу жұмыстарына қаржы қаралды. Конкурс жеңімпазы «КазЭлтиСервис-2050» ЖШС-і болып танылды. Жұмыстар бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес атқарылатын болады. Тапсырыс беруші – Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.

7. Б. Әшетов, «Маятас» тұрғын алабы, Ә. Жұманұлы көшесі №84 үй тұрғыны:
Сұрақ: «Елтай» тұрғын алабындағы Тоғыс өзенінен өтетін көпір апатты жағдайда, көпірді күрделі жөндеуден өткізіп берсеңіздер.

Жауап: «Елтай» тұрғын алабындағы Тоғыс өзенінен өтетін көпірдің техникалық жағдайын анықтау мақсатында, диагностикадан өткізуге қажетті қаржы көлемін бөлуге жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан ұсыныс енгізілуде. Диагностикалық нәтижесінің қорытындысы бойынша аталған көпірге жөндеу жұмыстары атқарылатын болады.

8. Е. Түктібаев, «Маятас» тұрғын алабының тұрғыны:
Сұрақ: Біздің тұрғын алапта электр бағаналарының тозығы жеткен, апатты жағдайда, осы мәселені шешуге көмек сұраймыз.

Жауап: Шымкент қаласының «Маятас» тұрғын алабының электр жүйелерінің құрылысына ЖСҚ-ы әзірлеуге 2016 жылғы қала бюджетін нақтылауына ұсыныс берілді. Жобалау жұмыстарын жылдың соңына дейін аяқтап, 2017 жылы облыстық бюджет есебінен құрылыс жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлу үшін тапсырыс беру жоспарға қойылған.

Последнее изменение Пятница, 30 Сентябрь 2016 08:48
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.