×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Әлеуметтік нысандарға жылу беріле бастады Избранное

Среда, 19 Октябрь 2016 06:19 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3332 раз

Шымкентте ауа райының күрт құбылуына байланысты биылғы жылу маусымы жоспардан ерте басталмақ.


DSC 012114 қазаннан бері қаладағы 350 әлеуметтік нысанның жартысына жуығы, яғни, 160-ы жылу жүйелерімен қамтылған. Бұл жөнінде жергілікті БАҚ өкілдеріне арнайы брифинг өткізген қала әкімінің орынбасары Бейсенбек Жанбосынов мәлім етті.

Оның айтуынша, қаланың «Оңтүстік» және «Солтүстік» бөлігіндегі магистралдық жылу жүйелері толық жөндеуден өткен. Бүгінде қаладағы 1676 көпқабатты тұрғын үй қысқы маусымға дайын.

Орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 1782 көпқабатты тұрғын үй кезең-кезеңімен қазан айының 22-жұлдызына дейін толығымен жылу жүйесіне қосылатын болады. Қазір мұнда ішкі орамдық жұмыстар аяқталып, жылу жүйелері қалпына келтірілуде. Яғни, жылу жүйелеріне химиялық таза су толтырылуы тиіс. Сағатына 300-350 тоннаға дейін су айдалады.

– Қазіргі уақытта қалада 18 мыңға таяу пәтер автономды жылу қазандығының қызметін пайдаланады. Бұл қандай да бір төтенше жағдайлардың туындауына айтарлықтай себеп болуда. Мұндайда, пәтер иелері техникалық шарттарды өз деңгейінде орындауы тиіс. Қазір арнайы ескерту жұмыстары жүргізілуде. Жақын келешекте мұндай жеке автономды қазандығы бар пәтерлер орталықтандырылған жүйеге қосылады, – деді Бейсенбек Керімбекұлы.

Бүгінде әлі де болса сығымдау жұмыстары жүргізілмеген 36 көпқабатты тұрғын үй анықталған. Мамандар тұрғындардың мұндағы жұмыстарға бей-жайлық танытуы себебінен, жылу берілмейтінін айтады. Жалпы, қазан айының соңына дейін қаладағы әлеуметтік нысандар мен көпқабатты тұрғын үйлер жылумен толық қамтылады.