Рахымшылық жасау – соңғы мүмкіндік

Пятница, 04 Ноябрь 2016 04:58 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 6901 раз

Өткен жылы Қазақстан  Республикасының  кейбір  заңнамалық актілеріне  Қазақстан  Республикасының  азаматтарына,  оралмандарға  және  Қазақстан  Республикасында  тұруға ықтиярхаты  бар азаматтарға  олардың мүлікті   жария  етуіне  байланысты  рақымшылық  жасау  мәселелері бойынша  өзгерістер   мен толықтырулар  енгізу  туралы  заң  жобасы қабылданғаны белгілі. Бұл құжат Мемлекет  басшысының  бес  институцианалдық  реформасы аясындағы  «100 нақты қадам» - Ұлт  жоспарын  жүзеге  асыруға  бағытталған болатын.     

Еліміз  өз   тарихында  қаржы   мен   мүлікке    алғаш   рет    рахымшылық   жасап   отырған   жоқ.  2006 жылдың   жазымен   2007 жылдың   көктемі   аралығында     мұндай   шара    өткізілді.    Ол  кезде  жалпы   құны   845 млрд  теңге  немесе  6,8 млрд   долларды    құраған    мүлік  пен   қаржы    жария етілген.   Нәтижесінде   ел   қазынасы   60 млрд   теңгемен   толықты.      Жалпы      қаржымен    мүлікке    рахымшылық    жасау  арқылы   бюджеттерді   қосымша   түсімдермен   толықтыру   әлемде   бар  тәжірибе.    

Мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау заңына сәйкес Қазақстан азаматтарына бірдей артықшылық беріліп отыр. Біріншіден, кез-келген отандасымыз ақшасын, бағалы қағаздарын, заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесін жария ете алады. Екіншіден, жария ету субъектілерінің меншік құқығына жататын, құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкес келетін құрылыстар заңдастырылады. Үшіншіден, тиесілі емес тұлғаға рәсімделген құрылыстар мен ғимараттарға рақымшылық жасалады.

Бірінші кезекте, мүлікті жария ету дегеніміз табыстарды жасыру мақсатында заңды экономикалық айналымнан шығарылған немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рәсімделмеген не тиісті емес тұлғаға рәсімделген мүлікке құқықтарды мемлекеттің тану рәсімі екендігін атап өту қажет. Сонымен бірге, жария етілген капитал түрінде  экономикаға қосымша қаражатты тарту оның басты мақсаты болып табылады.

Атап айтқанда, осы мүлікті жария ету науқаны Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жердегі мүлікті жария етуге және басқа тұлғаға рәсімделген мүлікті заңдастыруға өте ыңғайлы мүмкіндік беретініне назар аудару қажет. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жылжымайтын мүлік болып айқындалатын мүлікке ұқсас мүлік Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлік болып танылатындығын атап өткен жөн.

 Мемлекет  басшысы  айтқандай,  «рахымшылық  жасау  соңғы  мүмкіндік»  одан  кейін  ешқандай  жақындау  болмайды.  Осы  акция  аяқталған  соң, барлық  мәліметтер  шекараның  арғы  жағындағы  есеп  шоттар  барлық  елдер  бойынша  қайта  қаралады.

Мүлікті  жария  ету  мерзімі  2016 жылдың  31 ші  желтоқсанына  дейін  ұзартылғаны белгілі.

 

Сержан НУРЫШЕВ,
Шымкент қаласы

Абай аудандық Әділет басқармасының
инспектор тіркеушісі,
«Заңгерлер Одағы» РҚБ ОҚО филиалының мүшесі

Последнее изменение Понедельник, 07 Ноябрь 2016 06:12
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.