Оңтүстіктің шұбаты шетелге экспортталады Избранное

Пятница, 11 Ноябрь 2016 06:43 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3558 раз

Түркістанда тәулігіне 100 тонна түйе сүтін өңдейтін зауыт салынуда. Жыл басында «Golden Camel» ЖШС-нің бастамасымен түйе сүті – шұбатты қайта өңдеуден өткізіп, одан құрғақ қоспалар өндіру жобасына кіріскен болатын. Бұл жөнінде облыс әкімі Жансейіт Түймебаев «Golden Camel» компаниясының құрылтайшысы Янг Цие мырзаны қабылдауы кезінде кеңінен әңгіме болды.

shubat

Бүгінде Түркістандағы индустриалды аймақта шұбатты өңдеп, одан құрғақ сүт өндіретін кәсіпорын құрылысының бірінші кезеңі жүруде. Жоба іске қосылғанда мұнда 180 адам жұмыспен қамтылатын болады. Тәулігіне 100 тонна, жылына 69 млн тоннадан астам түйе сүтінен құрғақ қоспалар өндіруге қауқарлы зауыттың құрылыс жұмыстары 2017 жылы аяқталып, мұнда әзірленген дайын өнімдер республика нарығынан бөлек, Кеден Одағы елдері мен Қытайға экспортталмақ.

Еске салайық, жалпы құны 8 млрд теңге болатын аталған жобаны іске қосу туралы меморандум осы жылдың сәуір айында өткен «Ontustik Invest-2016» халықаралық инвестициялық форумы аясында түзілген болатын. Онда осы сынды жалпы сомасы 2,5 млрд АҚШ доллары болатын жобалар бойынша 40 меморандумға қол қойылған еді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.