Х А Б А Р Л А М А

Пятница, 20 Январь 2017 04:40 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 5236 раз

Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай амнистия заңының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 441-бабына сәйкес әскери бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету жағдайына байланысты ҚР қолданыстағы заңнамаларының талаптары бойынша қолданылатын шараларды Шымкент қаласы азаматтарына түсіндірме ретінде хабарлайды.   

 441-бап. Бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету

1. Бейбiт уақытта жасалған, бөлiмдi немесе қызмет орнын өз бетiмен тастап кету, сол сияқты қызметке дәлелсiз себептермен мерзiмiнде келмеу, егер өз бетiмен болмау бір айдан ұзаққа созылса, –екi мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Қызмет бабымен сенiп тапсырылған қарумен жасалған не адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған, бөлiмдi немесе қызмет орнын өз бетiмен тастап кету, егер өз бетiмен болмау бiр тәулiктен ұзаққа созылса, –
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Ұрыс жағдайында немесе төтенше жағдай кезiнде жасалған, бөлiмдi немесе қызмет орнын өз бетiмен тастап кету, егер өз бетiмен болмау бір тәулiктен ұзаққа созылса, – бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
    

4. Ұзақтығына қарамастан, соғыс уақытында бөлiмдi немесе қызмет орнын өз бетiмен тастап кету –  он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген iс-әрекеттi жасаған әскери қызметшi, егер бұл iс-әрекет ауыр және өзге де мән-жайлардың тоғысу салдарынан болса, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.