Мәселелер шешімін табады Избранное

Пятница, 20 Январь 2017 06:06 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3004 раз

Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ильясовтың тұрғындар алдында есеп беру кездесуі М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институында жалғасты. Қала әкімінің орынбасары Бейсенбек Жанбосынов, қалалық мәслихат депутаттары, қалалық құрылымдық бөлімдердің басшылары, үй комитетінің төрағалары қатысқан жиында бірқатар шешімін күткен мәселелер талқыға түсті. Аудан әкімінің айтуынша, тұрғындар алға тартқан уәждер бойынша нақты жұмыстар жүргізіледі.

 16106034 1449178898425451 3006546142666307348 n

Әдеттегідей, көпшілік назарына жыл бойы жүзеге асқан тірліктер бейнеролик арқылы көрсетілді. Аудан әкімі Ғалымжан Молдабайұлы да өткен жылы есте қалған оқиғалар мен жетістіктер жөнінде баяндап берді. 

Алдымен жарыссөзге шыққан қалалық мәслихат депутаты Ермек Дәрменов ауданда атқарылған жұмыстар көңіл қуантарлық екеніне тоқталды. Өз ұсыныстары да бар екен. «Қазір көшелерге атау беру жұмыстары қолға алынған. Дұрыс-ақ. Дегенмен, мына жағдайға назар аударсаңыздар. Шалғайдағы елдімекен тұрғындарының жедел жәрдем қызметкерлерін шақыруда қиындықтар туындап жатыр. Бұл әсіресе, жеке сектордағы үйлерге қатысты. Яғни, енді қала көшелерінің атауларын гугл картасы жүйесіне енгізу керек. Қалаға келер қонақ көп. Сол себепті туристер үшін де, өзіміз үшін де жағдай жасайық. Екінші мәселе, пәтер, үй ұрлығы көбейген. Соның алдын алу үшін учаскелік полиция қызметкерлері тек орталық көшелермен жүрмей, шалғайдағы және көпқабатты үй аулаларын да араласа екен. Үшінші ұсынысым, соңғы кездері Ерімбетов көшесінің бойынан жол кедергісін орнату қажеттігі туындап тұр», – деді мәслихат депутаты. 

«Нұр Отан« партиясы Еңбекші аудандық филиалы төрағасының орынбасары Бердіқұл Садықов таяуда ғана пайдалануға берілген Қ.Жандарбеков атындағы гүлзарды күтіп ұстауға, көздің қарашығындай сақтауға үндеді. 

 SAM 6502

Ал соңғы болып мінберге шығып, сөз сөйлеген Ш. Уәлиханов көшесіндегі 231 а үй комитетінің төрайымы Надежда Пьянкова өз үйінің аулаларын ұқыпты ұстап, тазалыққа жіті көңіл бөлетінін айтады. Бүгінде өздерінің бастамасымен, әрі аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен орнатылған жылу есептегіш құралының тиімділігін көріп отыр. Оған көз жеткізген көрші үй тұрғындары да жылу есептегіш құралын орнатып алып жатқанға ұқсайды. 

Аудан тұрғындарының талап-ұсыныстары тыңдалды. Әуелі Алдияров көшесіндегі 72 үй тұрғыны Қалдарбек Назарұлы шағым айтты. Үй ауласындағы көшелер жөнделмепті. Одан кейін, балалар алаңы керектігін және жаттығу алаңын орнатып беруді сұрады. Ұлықбек көшесінің тұрғындары да осы мәселені көтере келген. 

«Күншығыс» шағынауданы №22 үйдің тұрғыны Қалипа Батырқұлованы балаларының қауіпсіздігі алаңдатады. «Біздің үйдің ауласына бейнекамера қойсаңыздар. Кеш түссе болды, балаларымыздың жағдайын уайымдап жүргеніміз. Одан кейін, мектебіміздің күрделі жөндеу көрмегеніне 35 жыл болған. Және спорт кешені қажет» деді. Аудан әкімі «№ 22 үйдің ауласын абаттандыруға жобалық-сметалық құжаттар жасалынды, тек қаржысын күтіп отырмыз», деп жауап берді. Ақпан айында бюджетті нақтылау кезінде бұл мәселе шешілмек.

Ғалымжан Молдабайұлының айтуынша, қазіргі таңда № 5 спорт мектебіне күрделі жөндеу жүріп жатыр. Сол құрылыс аяқталса, ауданның біраз баласы спортпен шұғылдануға мүмкіндік алмақ. Сонымен қатар, аудандағы 25 спорт алаңшасын спорт мектебінің балансына алу жөнінде тапсырма берілгенін айтты. 

HPIM8430

№ 30 жалпы орта мектептің ата-аналар кеңесінің төрағасы Ғали Асанбековтың мәлімдеуінше, оқу орнының жанына аяқжолдар салынған. Мектеп толығымен сыртынан қоршалған. Тек қинайтын бір жағдай бар. Соғылғанына елу жылдан асқан мектеп қазіргі талапқа сай емес. Мектепте қосымша сабақ өткізуге сынып бөлмелері жетіспейді. Енді білім ошағының айналасы жарықтандырылып, күрделу жөндеу жүргізілуі керек. 

Бұл мектептің мәселесі бойынша білім бөлімінің өкілдері өткен жылы техникалық зерделеу жұмыстары жүргізілгенін, биыл жобалық-сметалық құжаттары дайындалатынын атап өтті. 

Негізінен, айтылған шағымдардың басым бөлігі аулаларды абаттандыру, спорт алаңшасын салу, мектептердің күрделі жөндеуден өткізу мәселелеріне қатысты. 

Жиынды қорытындылаған қала әкімінің орынбасары Бейсенбек Жанбосынов жұмыстарды оң бағалап, биыл да инфрақұрылымдық жүйелер, қаланың шалғайдағы шағынаудандарына қоғамдық көлік жүргізу, т.б мәселелер шешілетінін айтты. Яғни, биыл Қапал батыр, Еламан, Жолан батыр, Ілияев, т.б., көшелер жарықтандырылады. Еңбекші ауданында бүгінде балалар алаңшасын салуға жобалық-сметалық құжаттар дайындалып, бюджеттік комиссияға тапсырылған.

Последнее изменение Пятница, 20 Январь 2017 06:36
Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.