«Оңтүстік ғажайыптары» байқауына қатысыңыз!

Пятница, 03 Март 2017 11:10 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 5070 раз
Әлеуметтік желі қолданушылары арасындағы үздік жазбалар
бойынша «Оңтүстік ғажайыптары» атты облыстық байқауының
ЕРЕЖЕСІ
17021747 1145560528902911 1312339237461651866 nОсы ереже облыстық «Оңтүстік ғажайыптары» байқауының (әрі қарай - байқау) ұйымдастырылуы мен өткізілуін анықтайды.
 
  1. Байқаудың мақсаты
1.1. Оңтүстік Қазақстан облысының 85 жылдығына орай, блогер көзімен әлеуметтік жазбалар топтамалары арқылы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын шынайы сипаттау; оңтүстік өлкесінің тарихы мен шежіресін, демалыс аймақтарын, туризм саласын насихаттау; оңтүстік өңірінде дүниеге келген ұлы тұлғалар, мемлекет және қоғам қайраткерлері туралы, олардың өмірі мен туындыларын, жетістіктерін ұлықтау; қоғамдағы ашықтық тиімділігін арттыруға өз үлесін қосып жүрген әлеуметтік желі қолданушыларының үздік жұмыстарын анықтау және оларды ынталандыру.
 
2. Байқауға қатысу шарттары
2.1. Байқауға кез келген әлеуметтік желі қолданушылары, журналистер мен блогерлер қатыса алады.
2.2. Байқауға қатысу үшін: 
- Байқау мақсатына сай келетін, әр түрлі тақырыптағы мәтіндік материал (мақала, пост, очерк және т.б) әлеуметтік желідегі Facebook, Вконтакте, Instagram  парақшаларының бірінде жариялануы қажет;
- үміткерлер әлеуметтік желіде «Оңтүстікте не хабар?» тобына жазылуы және байқауға ұсынылатын материалдар осы топта жариялануы қажет;
2.3. Байқау жұмысына қойылатын талаптар:
- мәтіндік материалды «Оңтүстік ғажайыптары...» сөздерінен бастау; 
- материалды жариялау жиілігі аптасына (жеті күнде) 1 жазба, жалпы жазба саны 25-тен кем болмауы тиіс;
- материалдың/жазбаның көлемі 1000 символдан кем болмауы тиіс;
- мәтіндік материалға суреті бар мақала жайлы хабарды қосу; 
- тақырыптық суретті қатар бекіту;
-  Аты, тегі, әкесінің аты көрсеткішінде келесі форматында
 # Оңтүстік ғажайыптары... хэштегін қолдану;
- байқау атауын, логотипін және сайтқа сілтемені қолдану. 
 
2.4. Байқауға 2017 жылдың 5 наурызынан 30 қыркүйекке дейінгі жарияланған материалдар қабылданады.    
2.5.  Жарияланған материалдардың скриншоттарын арнайы файл папкасына жинақтап (лайк, бөлісуі көрінуі тиіс) байқаудың ұйымдастырушыларына 2017 жылдың 02-06 қазан аралығында тапсырылуы тиіс.
2.6. Байқау жұмыстары мемлекеттік немесе орыс тілдерінде қабылданады. 
3. Байқауды қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау
3.1. Жеңімпаздарды айқындау Байқау Ұйымдастырушысы түзген комиссия құрамының шешімімен жүзеге асырылады. Комиссиясының құрамына бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, мемлекеттік органдардың және басқа да үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіреді.
3.2. Байқауға ұсынылған жұмыстар әлеуметтік желілерде немесе блог-тұғырламаларда көп дауыс жинағаны, ең көп ұнатылғаны (лайк), ең көп бөлісілгені (репост) арқылы бағаланады. Қаншалықты оқырманның көңілін аудара білгендігіне мән беріледі. 
         3.3. Байқау материалдарын талдау кезінде келесі параметрлер ескерілетін болады:
– материалдың/жазбаның байқау мақсатына сәйкестігі;
– материалдың/жазбаның әсерлілігі және дұрыс бағыты;
– посттардың жан-жақтылығы, кәсіби деңгейі.
 3.4. Байқау жеңімпаздарын марапаттау 1-ші, 2-ші, 3-ші орындар берумен анықталады, сонымен қатар, жеңімпаздардан басқа, байқауға қатысқан өзге де үміткерлерге ынталандыру сыйақысы тағайындалады. Байқау жеңімпаздары арнайы дипломдармен марапатталады.
 
3.5. Байқаудың жалпы жүлде қоры – 2 500 000 теңге, оның ішінде:
1-орын үшін сыйақы көлемі – 300 000 теңге;
2-орын үшін сыйақы көлемі – 200 000 теңге;
3-орын үшін сыйақы көлемі – 150 000 теңге;
Сонымен қатар, жеңімпаздардан басқа, байқауға қатысқан өзге де үміткерлерге ынталандыру сыйақысы тағайындалады.
3.6. Байқаудың қорытындысы 2017 жылдың қазан айының екінші онкүндігінде жарияланады.
3.7. Салтанатты рәсімнің өткізілетін жері және күні алдын ала жарияланатын болады.
3.8. Байқаудың нәтижелері бұқаралық ақпарат құралдарында, Байқау өткізушілер сайттарында және әлеуметтік желілерде жарияланады.
4. Авторлық құқықтар
Байқауға қатысатын жұмыстың авторлық құқықтарын сақтау жауапкершілігін Байқауға жұмысын жіберген қатысушы толық өз мойнына алады.
5. Ұйымдастыру комиссиясының мекен-жайы                                            
Шымкент қ. «Нұрсәт» шағынауданы, әкімшілік іскерлік орталығы  ОҚО ішкі саясат басқармасы, № 409 кабинет, тел./ф. 8(7252) 24-75-47, 24-75-48.
 
Положение
областного конкурса «Оңтүстік ғажайыптары» среди
пользователей социальных сетей
 Управление внутренней политики Южно-Казахстанской области и филиал  Союза журналистов ЮКО организуют конкурс на лучшую  работу среди пользователей социальных сетей. Данное Положение (далее  - конкурс) определяет правила организации и проведения конкурса.
1.Цель конкурса
 1.1.  Поощрение и стимулирование блогеров и их постов к освещению в социальных группах тем, посвященных  85-летию Южно-Казахстанской области, истории южного региона, пропаганде туристских маршрутов, мест отдыха, исторических особенностей, туристского иинвестиционного потенциала области, атакже освещение жизни и деятельности выдающихся личностей региона, государственных и общественных деятелей, пропаганда достижений в социально-экономической  и культурной жизни ЮКО.
2. Правила участия в конкурсе
2.1. В конкурсе могут принять участие пользователи социальных сетей,журналисты и  блогеры.
2.2 Для участия в конкурсе следует предоставить разножанровые материалы (пост, очерк, корреспонденция и т.д.), опубликованныевсоциальных сетях Facebook, ВКонтакте, Instagram. Материалы кандидатов должны быть опубликованы в группе «Оңтүстікте не хабар?».
2.3. Задачи, поставленные перед конкурсантами:
 - тексты материалов должны начинаться со слов «Оңтүстік ғажайыптары...»;
- периодичность публикации материалов - 1 пост в неделю (в семь дней), общее количество постов должно быть не менее 25-ти;
 - текст не должен превышать 1000 символов;
 - к текстовым материалам следует  прикрепить фотографии;
 - фотографии должны соответствовать тексту;
 - написание личных данных (ФИО) использовать с хэштегом # «Оңтүстік ғажайыптары...»;
 - обязательно использовать логотипы и наименование  конкурса со ссылкой на сайт.
2.4. К участию в конкурсе принимаются материалы, опубликованные с 5 марта по 30 сентября.
2.5. Скриншоты опубликованных  материалов должны быть собраны в папку и сданы организаторам конкурса 2-6 октября                  2017 года. Работы принимаются на государственном или русском языке.
3.Подведение итогов и определение победителей
3.1. Победители конкурса определяются решением организационной комиссии, созданной организатором конкурса.                   В состав комиссии входят представители СМИ, государственных органов и неправительственных организаций.
3.2. Победители работ, присланных на конкурс, определяются количеством лайков или репостов.
3.3. Присланные материалы будут оцениваться по следующим критериям:
 - соответствие теме конкурса;
 - направленность  и значимость темы;
 - профессональный уровень постов.
3.4. Для победителей конкурса учреждены три призовых места и поощрительные премии. Для победителей конкурса предусмотрены специальные дипломы.
3.5. Общий призовой фонд составляет 2 500 000 тенге, из которых:
 - за 1-ое место будет вручено 300 000 тенге,
 - за 2-ое  место -200 000 тенге,
 - за 3-е место – 150 000 тенге. 
Также будут вручены ценные подарки  и остальным участникам конкурса.
3.6. Итоги конкурса будут опубликованы во второй декаде октября.
3.7. О месте и времени награждения победителей будет сообщено заранее.
3.8. Итоги конкурса будут опубликованы в средствах массовой информации на сайтах и в социальных сетях.
4. Авторские права.
Ответственность за соблюдениеавторских прав полностью лежит на участникахконкурса.
5. Адрес организационной комиссии:
г. Шымкент, микрорайон «Нурсат», административно-деловой центр, управление внутренней политики, кабинет №409.
Тел./факс: 8 (7252) 24-75-47, 24-75-48.
Последнее изменение Вторник, 07 Март 2017 05:08
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.