«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының бірінші кезеңін өткізу ЕРЕЖЕСІ

Среда, 05 Апрель 2017 11:33 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 4788 раз

mereili otbasy 261. Жалпы ережелер

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің жағымды үлгісін таратуға, отбасы мәртебесін жоғарылатуға бағытталған.
Конкурсты өткізудің мақсаттары:
1) отбасы институтын, адамгершілікті, руханилықты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану;
2) ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;
3) отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқор болуын дәріптеу және кеңінен насихаттау;
4) қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау.
2. Конкурсқа Шымкент қаласында тұратын отбасылар (бұдан әрі – Үміткерлер) қатысады.
3. Конкурсқа отбасы мүшелерінің түрлі сала бойынша еңбекте жетістіктерге жеткен (спорт, ғылым, мәдениет, білім т.б.) шығармашылық, интелектуалдық қабілетті отбасылар қатыса алады.
4. Мыналар:
1) қызметі Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымдардың құрамына кіретін (кірген) мүшелері бар;
2) бұрын сотталған мүшелері бар отбасылар конкурсқа қатыса алмайды.

 

2. Конкурсты ұйымдастыру тәртібі

Конкурс үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңі – қалалық, екінші кезең – өңірлік, үшінші – ұлттық.
Конкурстың бірінші кезеңін (анкеталық іріктеу) Шымкент қаласы бойынша ұйымдастырушы Шымкент қаласының ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша іске асырылады.
Конкурсқа қатысуға өтінімді іріктеу мақсатында арнайы комиссия құрылады.
Комиссия құрамы комиссия төрағасынан, комиссия мүшелерінен және комиссия хатшысынан тұрады.
Комиссия комиссия хатшысы комиссия төрағасы мен мүшелерінің қарауына дайындалған құжаттар мен материалдарды ұсынады. Комиссия отырысы оның мүшелерінің жалпы санының кем дегенде үштен екісі қатысқанда құқылы болып есептеледі. Комиссияның құрамына мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіруі мүмкін.

 

Анкеталық іріктеу:
Конкурс өтінімдері мына мекен-жайға өткізілуі тиіс. Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, №6, Шымкент қаласының ішкі саясат бөлімі.
Үміткерлер мынадай құжаттарды ұсынады:
1) ата-аналардың (қамқоршылардың, тәрбиешінің) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
2) асыраушы (қамқоршы) отбасылар үшін – жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қамқорлықты (тәрбиелеуді) белгілеу туралы шешімінен үзіндінің көшірмесі;
3) неке туралы куәліктің көшірмесі;
4) отбасы туралы фото альбом, балаларды тәрбиелегені үшін алған марапаттарының, белгілі бір жетістіктерді куәландыратын құжаттардың көшірмелері (грамота, алғыс хаттар, т.б.);
5) әріптестерінің, көршілерінің, өңірдегі беделді адамдардың, достарының ұсынымдары.
6) белгіленген нысанда толтырылған анкета;
Комиссияға ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.
Өтінімдер 2017 жылғы 5 мамырға дейін қабылданады.
Байланыс телефондары: 54-50-31, 54-51-53.
Егер өтінім көрсетілген мерзімнен кейін ұсынған немесе толық көлемде (белгіленген нысанда) ұсынылмаған жағдайда үміткерлер Конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
Келіп түскен өтініштерге сәйкес арнайы конкурстық комиссия үміткерлердің құжаттарымен танысып, жеңімпаз 2 отбасыны облыстық байқауға қатысуға екінші кезеңге жібереді.

Комиссия іріктеу барысында мынадай критерийлерді басшылыққа алады:
1. Отбасы мүшелерінің жетістіктері;
2. Отбасылық дәстүр және жәдігер;
3. Отбасының рухани – адамгершілік құндылықтары;
4. Балаларының жетістіктері;
5. Ата-аналарының үлгі тұтарлық жетістіктері;
6. Өздерінің шыққан тегін білу (шежіре - ру тарихы);
7. Отбасы құрамы (отбасы мүшелерінің саны-бір аумақта бірге тұрып жатқан бірнеше ұрпақтарының өкілдері);
8. Отбасының дарындары;
9. Отбасының өмір сүру салты (саламатты өмір салты, бос уақыты және т.б.)
10. Отбасының қоғамдағы беделі.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.