Шымкентте «Ырыс алды – ынтымақ» қоғамдық форумы өтті

Среда, 12 Апрель 2017 12:05 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 30752 раз
17861879 1763055880674037 6600982687467898536 n Шымкентте Ардагерлер кеңесінің 30 жылдығы қарсаңында "Ырыс алды – ынтымақ" қоғамдық форумы өтті. Іс-шараны қоғамдық форумның хатшысы Байдулла Қонысбек жүргізді. 
 
Сөз алған  қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Исамуддин Рысбай Елбасы мақаласының ел дамуына ерекше серпін беретінін атап өтті. Сондай-ақ ол ардагерлерді құттықтап, баяндама жасады. 
 
– Қазір мемлекет тарапынан ардагерлерге жасалып жатқан қамқорлық аз емес. Өткенге көз салсақ, Ардагерлер кеңесі 1987 жылы құрылды. Содан бері қоғамдық ұйым үзіліссіз жұмыс істеп келеді. Қаламызда аға буын өкілдері өте белсенді. Қоғамда болып жатқан оқиғаларды қалт жібермейді.  Олар Шымкентте ұйымдастырылған маңызды шараларға белсене  қатысады. Біз жастардың бойына ұлттық тәрбиені сіңіріп, үлкенді сыйлауға, Отанды сүюге тәрбиелеуіміз керек. Жастарды заманауи білім алуға баулуға тиіспіз, – деді Исамуддин Рысбай.
 
 
Сонымен қатар, өз баяндамасында  қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы  қараусыз қалған қариялардың жай-күйіне тоқталды. Ұлттық дәстүрдi дәрiптеп, ұрпақ тәрбиесiн жақсарту үшін жастарды ата-ананы сыйлап, перзенттік борышын  адал атқаруға шақырды. 
 
Жарысссөзге шыққан  жазушы Еркінбек Тұрысов, еңбек ардагері Тұрдыәлі Усманов, Абай ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Ұлықпан Башенов мерейтоймен құттықтап,  ой-пікірлерін  білдірді.
 
– Біз қаламыздың өсіп өркендеуіне көп еңбек сіңірдік. Кезінде «Абай» және  «Металлургтер» саябақтарының құрылуына атсалыстық. Өлшеусіз еңбек етіп, тер төктік,  – дейді еңбек ардагері Тұрдыәлі Усманов.
 
Сонымен қатар, шарада қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Исаммудин Рысбай Абай ауданы ардагерлер кеңесінің мүшесі Хамза Қабиұлын  70 жасқа толған мерейтойымен  құттықтады.
 
Ардагерлер ұйымының 30 жылдығына орай,  қоғамның саяси өміріне қосқан елеулі үлесі, сіңірген еңбегі үшін 10 ардагер қалалық ардагерлер кеңесінің «Алғыс хатымен» марапатталды. Сондай-ақ  қоғамдық форумда 5 бағыттан тұратын қарар қабылданып, ардагерлер тарапынан қолдауға ие болды.
Последнее изменение Четверг, 13 Апрель 2017 12:21
Құттыбике  НҰРҒАБЫЛ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.  Бұған дейін республикалық «Керемет» журналының  тілшісі болып еңбек еткен. 2014 жылдан бастап қалалық «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі.