Төрткүл дүниеге танылған халықпыз

Четверг, 30 Ноябрь 2017 08:25 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 88 раз
Ел Президентінің құрметіне арналған мереке дамыған елдердің бәрінде бар. Мысалы, АҚШ-та Президент күні 1880 жылдан тойланады. Онда бұл мереке ресми түрде 1971 жылы бекітілген. Ал Жапонияда Император күні 23 желтоқсанда тойланса, Ұлыбритания маусым айының екінші сенбісінде патшайым Елизаветаның күнін ресми түрде атап өтеді. Қазақстанға келсек, Президент күні  1991 жылғы 1 желтоқсанда өткен Тұңғыш Президент сайлауымен байланысты. Сондықтан, бұл күн еліміз үшін ерекше тарихи маңызға ие.
240fcb575b317f6ac45740ecfbbc2cc3
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Біздің Президентіміз елдің ішкі және сыртқы саясатын бір деңгейде ұстап, мемлекетімізді дүниежүзіне танытты. Бұл Қазақстанның әлемдік келбетін қалыптастырудағы Елбасының ерен еңбегі. Елбасы Біріккен Ұлттар ұйымы Бас Ассамблеясының сессиясында жаңа идея, яғни ядролық қарудан бас тарту туралы бастама көтерді. Мұндай идеяны бірде-бір мемлекет басшысы көтерген жоқ.
 
 
Қазақстан – әлем таныған мемлекет. Бұл жетістікке әрине Елбасының арқасында жеттік. Қазіргі күні еліміз спорт, экономика, өнер, қай жағынан да  танымал. Әр олимпиадада көк туымыз көкке желбірейді, экономикамыз тұрақты дамуда. Осының бәріне салиқалы саясатымыз кепілдік береді. Президент күні барлық елде бар екендігін жоғарыда атап өттік. Олардың осы бір атаулы мерекені қалай тойлайтынына тоқтала кетсек артық болмас. Ақпараттарға жүгінсек, америкалықтар мерекеде Джорж Вашингтонның кезіндегі дәстүр бойынша дастарханына шие ағашы бейнеленген тәтті торт қояды екен. Олардың ұғымынша, бұл дәстүр Вашингтонның әділ де, шындықты жақтаушы Президент болғандығын меңзейді. Жапонияда бұл мейрамда Император халықпен амандасып, жиналғандар патшаларына тілектерін жазып қалдырады.
 
 
Қарап отырсақ, әлем халықтарының әрқайсысының мерекені атап өтуінің өзіндік мағынасы бар. Мереке ретінде күнтізбеге енгеніне көп бола қоймаса да бізде мұндай нақты дәстүр қалыптастырудың жолдары ақпарат құралдарында айтылуда. Солардың бірі – Қазақстан Көшбасшысының елімізді гүлденген мемлекетке айналдыру бағытында қабылдаған сындарлы шешімдерін, батыл қадамдарын зерттеп, зерделеу. Бұл бағытта нақты шаралар жасалып, «Назарбаев оқулары» жас ұрпақ өміріне дендеп енді.
5455885442522223
 
 
Халық үшін жасалып отырған игі істерді бағалап, таразылай қарағандар мерекенің мәнін сезінері хақ. Олай болса, қазақ тарихына енген Президент күнін атап өту аясын кеңейтіп, тәлім-тәрбиелік мәні бар шараларды тереңінен қамту кезек күттірмейді.
 
 
 
Индира ДОСАНБАЕВА,   
Абай ауданы аумақтық сот орындаушылар бөлімі филлиалының басшысы, аға сот    орындаушысының міндетін атқарушысы   
Последнее изменение Четверг, 30 Ноябрь 2017 08:46
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор-Бас редакторы – Айгүл Қапбарова. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.