Меценат Отырарға мешіт салды Избранное

Среда, 31 Октябрь 2018 05:14 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2701 раз

Бабтардың бабы саналатын әулиелер мекені Отырар өңірі тағы бір жаңа мешітпен толықты. Мәуліт мерекесі қарсаңында аудан орталығы Шәуілдір елдімекенінде осы өңірдің тумасы, жеке кәсіпкер Өскенбай Үсенов мың орындық «Есен ана» мешітін салып, халық игілігіне берді.

 

5555555

 

Аудандағы 27-мешіттің ашылу салтанатына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз, Ержан қажы Мағажыұлы, Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтаханов қатысты.
Жергілікті кәсіпкерлер осылайша Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Туған жерді түлету – перзенттік парыз!» акциясымен туған өлкесінің дамуына үлес қосуда.
Жаңа мешітте дәріс және Құран оқу бөлмелері мен әйелдерге арналған намаз оқу орны бар. Кәсіпкер бұл нысанды салуға 200 млн теңге жұмсаған.
ҚР Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты Өстемір Бектөреев пен зейнеткер Әбілқасым Құлымбетов жаңадан ашылған имандылық ордасы жастардың бойына имандылық нұрын құйып, ел-жұртты бірлікке, татулыққа ұйытсын деген ізгі тілектерін білдірді. Жиылған жамағат мешіт намазын оқып, бабалар рухына арналған асқа қатысты.

Последнее изменение Среда, 31 Октябрь 2018 11:30