Атап айтқанда 15 бағыт бойынша 63 үкіметтік емес ұйымға мемлекеттік сыйлық берілді. Әр ұйымға 1 млн 200 мың теңге табыс етілді. Марапатталғандардың арасында
Шымкенттен барған ұйымдар да бар. Солардың бірі - «Интеллект» үкіметтік емес ұйымының жетекшісі Зоя
Сейітбекова Қоғамдық даму министрілігінің мемлекеттік сыйлығын иеленіп отыр. Жеңімпаздарды 74 қоғам қайраткерінен құралған қазылар алқасы анықтаған.
Форум аясында мемлекеттік сыйлықтан бөлек «Таным» қоғамдық жүлдесі де табысталды. Бұл қаржылай сыяпат емес, үкіметтік емес ұйымдарды ынталандыру мақсатындағы марапат. Жеңімпаздарға осы республикалық сыйлықтың лауреаты атағы мен диплом берілді.