Халықтың құқықтық сауатын арттыру және тегін заңгерлік көмек ұсыну мақсатындағы акция бір күнде, бір уақытта еліміздің 19 ірі қаласында өтті. Бір уақытта 1000-ға жуық сарапшы халыққа көмек көрсетті.
Ұйымдастырушылар акцияны «Халыққа бір мезгілде тегін құқықтық кеңес беру» номинациясы бойынша «Гиннестің рекордтар кітабына» енгізуге өтініш берген. Өтініш қабылданып, қазіргі уақытта Гиннестің рекордтар кітабының комитеті қарастыруда.