Жерлестеріміз Гиннестің рекордтар кітабына енді Избранное

Пятница, 14 Декабрь 2018 04:46 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3366 раз

Биыл Қазақстанның Рекордтар кітабы екі шымкенттік азаматпен толықты. Өздерінің зағип екеніне қарамастан тікелей эфирде бағдарлама жүргізген бұл жандар республиканы таңқалдырды. Жергілікті «Отырар» телеарнасында «Ерекше жандар» бағдарламасының жүргізушілері Ербек Бакиев пен Мадина Ермахан бұл оқиға өздері үшін күтпеген жаңалық болғанын айтады.

20181212 153232

– Екі жыл ішінде өңіріміздегі мүмкіндігі шектеулі қаншама жан бағдарлама арқылы қоғамға қажет екенін сезінді. Осы уақыт аралығында 100-ге жуық кейіпкер болды. Тікелей эфирде әндерің тұсауы кесілді, кітаптары жарық көрді. Өздерінің көкейінде жүрген мәселелерін сала мамандарымен бірлесе отырып шешкен сәттер де болды, - дейді Мадина Ермахан.
Ал Ербек Бакиев «Елімізде аты аңызға айналған тұлғалар Жақсылық Үшкемпіров, Ермахан Ыбыраймов секілді азаматтармен есіміміз қатар тұрғынына ризамыз. Бізге осындай мүмкіндік берген телеарнаға алғысымыз шексіз» деп қуанышын жеткізді.
«Отырар» телеарнасының бас редакторы З.Оралбаеваның айтуынша, бұл бағдарламаның ашылуына зағиптар кітапханасында тифлоредактор болып жұмыс істейтін Е.Бакиевтің «бізді де қоғам естісе, теледидар арқылы көріп, санасып, ой бөліссе» деген ұсынысы түрткі болған.
Айта кетейік, биыл 33 рекордшы Алматы қаласына арнайы шақырылып, салтанатты түрде сертификат пен кітап табысталды.

Последнее изменение Пятница, 14 Декабрь 2018 04:48
Айгүл КЕРІМҚҰЛОВА

2004жылы ОҚГА журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолы «Шымкент келбеті» газетінде басталған. «Ұстаз жаршысы», «Денсаулық құпиясы», «Оңтүстік Рабат» газеттерінде, «Отырар» телеарнасында жұмыс істеген. 2017 жылдың тамыз айынан бастап  қалалық «Шымкент келбеті» саяси-қоғамдық газетінің тілшісі.