Әлеуметтік – еңбек саласы бойынша ақпарат қыжет болса - 1411 нөміріне қоңырау шалу тегін әрі тиімді

Среда, 19 Декабрь 2018 09:42 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2840 раз

353 1 1411

1411 нөмірі арқылы кез келген тұрғын орталықтың қызмет көрсету басқармасына хабарласып, зейнетақымен қамсыздандыру, әлеуметтік қамсыздандыру және сақтандыру, еңбек қатынастары, жұмыспен қамту, мүгедек балаларды тәрбиелеушілерге онлайн-психологиялық кеңес беру туралы өтінімдерді қабылдау мәселелері бойынша кеңес ала алады.

Сондай-ақ, байланыс-орталығына Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электрондық почта және www.info.mintrud.kz web-порталы арқылы жүгінуге болады. Жұмыс іздеп жүргендер 1411 нөміріне SMS- хабарламаны тегін жібере отырып, өз елді мекеніндегі бос жұмыс орындары туралы ақпарат  алуға мүмкіндік бар. Сұраудан кейін ұялы телефоныңызға сұратылатын мамандық бойынша бос жұмыс орындары бар жұмыс берушілердің байланыс ақпаратымен хабарлама жіберіледі. SMS-хабарламаның үлгісі:

*жұмыс* қаланың коды*мамандық#


Мысалы:
•*жұмыс*7172*жүргізуші#
•*жұмыс*7282мұғалім#
•*жұмыс*72834*медбике#
SMS хабарламаны қабылдау және жіберу тегін. Әлеуметтік-еңбек саласында ақпараттық-кеңес беру қызметін көрсету жөніндегі басқармаға халық сенбі және жексенбі, мереке күндерінен басқа, кез келген күні сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін хабарласа алады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.