Ұстазға құрмет – қоғамға құрмет Избранное

Пятница, 21 Декабрь 2018 04:59 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2675 раз

Қазақстан Республикасының ұлы мерекесі – Тәуелсіздік күні қарсаңында үш отандасымыз «Қазақстанның Еңбек Ері» марапатына ие болды. Еңбегі еленген азаматтар Мемлекет басшысының Жарлығымен марапатталып, елді экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық дамытудағы аса үздік жетістіктері, белсенді қоғамдық қызметі үшін айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылды.

WhatsApp Image 2018-12-20 at 19.52.30

Мұғалім – еңбек ері

Тәуелсіздік күні қарсаңында Елбасының Жарлығымен марапатталған үш азаматтың арасында Шымкент қаласындағы А.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназияның мұғалімі Алина Соловьева да бар. Жерлесімізге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп отыр. Білім саласына еңбегі сіңген педагогты Астанадан оралған бетінде әуежайдан қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов бастаған шымкенттіктер күтіп алды. Мегаполис әкімі Алина Соловьеваны марапатымен құттықтап, еңбегіне табыс тіледі.
Алина Робертовна Соловьева - Шымкентке белгілі педагог-биолог. Туған қаласында 1994 жылдан бері еңбек етіп келеді. Ұзақ жылдан бергі еңбек жолында 35 еңбек жазған. Оның арасында 12 оқулық, биология пәнінің оқытушыларына арналған 7 методикалық жетекшілік, 5 электронды мультимедиалық қосымша мен оннан астам ғылыми еңбек бар.
А.Соловьева дайындаған олимпиада жүлдегерлері жалпы есепте 127 жүлделі орын, оның ішінде республикалық және халықаралық олимпиадаларда жүлдегер атанды. Ұстаздың шәкірттері бүгінде ТМД мен алыс шетелдердегі беделді жоғарғы оқу орындарында білім алып жүр.
Айта кетейік, жерлесіміз - ҚР білім беру ісінің үздігі, 2001 жылы облыстың үздік мұғалімі атанған. Әр сабағын өзгеше етіп өткізуге тырысатын А.Соловьева енді өзіне артылған жауапкершілік жүгі ауырлай түсті дейді.
– Қазақстанның Еңбек Ері мәртебесі қай салада болса да аса маңызды миссияны жүктейді. Алдағы уақытта бұрынғыдан да тынымсыз еңбек етіп, өскелең ұрпақты жаһандық үрдістегі бәсекеге сай етіп тәрбиелеуге атсалысамыз. Мен өзімді ерекше қаһарман санамаймын, мен секілді қоғамымыздың басқа да өкілдері еліміздің өркендеуі үшін тер төгіп жүр, - дейді Алина Соловьева.
Осы сөздерінен-ақ өз ісіне берілген жанның қарапайымдылығы көрініс беріп тұр...

А.СӘДУӘЛІ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.