Көп балалы ана баспаналы болды Избранное

Пятница, 21 Декабрь 2018 05:10 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2136 раз

Шымкентте Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында бір отбасы баспаналы болды. Көп балалы, жалғыз басты анаға үйдің кілті тапсырылды.

үй кілт

Ел тарихындағы елеулі мереке қарсаңындағы қайырымды істі Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мен «Ізгілік» қайырымдылық қоры бірге ұйымдастырды.
Роза Базарбайқызы баспана кезегінде тұр. Оған дейін алты баласымен пәтерден пәтерге көшіп, баспана тауқыметін тартып жүрген еді. Қайырымды азаматтар отбасыға қол ұшын созып, игі іс жасады.
Басқарма бұл отбасын баспанаға мұқтаж ретінде ұсынып, қор есебінен жаңа үйдің кілті тапсырылды. Қайырымды жандар бұған қоса әлеуметтік тұрғыдан аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына жуырда қор жанына ашылған «Ізгілік» әлеуметтік дүкенінен киімдер мен аяқ киімдерін алып берді. Көптен армандаған үйлеріне қол жеткізген отбасына басқарма мен жергілікті әкімдік өкілдері құтты болсын айта барды.
Ал әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлері алдағы уақытта көп балалы отбасына тиесілі бар қамқорлықты көрсетіп, олардың тұрмысын түзеуіне қолғабыс жасауды жалғастырамыз деп отыр.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.