Жаңа жыл, жаңа өмір – бастауы!

Понедельник, 14 Январь 2019 04:30 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3194 раз

 оооо

Шымкент қаласы әкімдігінің «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Орталықта Жаңа жылдық мерекелік іс –шара өтті. Қоғамдағы тұрмыстық зорлық –зомбылыққа ұшыраған және өмірлік қиын жағдайда жүрген Орталықтың қызмет алушылары мен олардың балаларына арналған мерекелік іс-шараға арнайы қызмет алушылар шақырылды. Бағдарлама барысында әншілер, бишілер, Аяз ата, Ақшақар, спорт ұжымы мерекелік кешке белсене атсалысты. Осындай маңызы бар думанды сәтте ел игілігі жолындағы қадамдарын бағалай отырып, дархан көңілмен жомарттық жасап жүрген жандардың қолдауымен, тұңғиықтан шыға алмай, қиын сәтті бастан кешкен жандар мен кіршіксіз, балғын көңіл балаларды сыйлықтар жасап, қуантуымызға ықпал жасаған демеушілерге алғысымыз шексіз.

«Жақсы сөз-жаныңды жадыратады, Жақсы ой- сенімді ұялатады» дегендей Жаңа жылда жаңаша серпін беріп, қиын жағдайда жүрген, қызмет алушылардың отбасына қуаныш сыйлап, демеп жіберу әрбір адамзаттың парызы деп санаймыз. Қоғамда қаншама жандар, мұндай сәттерді бастан кешіп жатуы мүмкін. Бүкіл қоғам бір үйдің баласындай «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарса!» алынбайтын қамал болмас еді.

Жиналған қонақтар да, осындай Дағдарыс орталығының ашылып, орталық қызмет алушыларына, қызметкерлердің жасаған еңбегінің нәтижесінде, отбасылық шешілмей жүрген мәселелердің шешімін тауып, сауапты іс жасап жатқан орталық басшысы мен қызметкерлеріне, қызмет алушылары атынан сөз алған азаматша А.Айтмаханбетова өз алғыстарын білдірді.

Тағдыр тауқыметіне түсіп, бірі сүрініп, бірі адасып, тағдырдың берілген сынағының салдарынан сағы сынған жандарға алдағы уақытта да  Орталық тарапынан сүрінгенге сүйеу болып, жылағанды жақсы сөзімен жұбатып, келешекте де  өз қызметін жалғасытыра берері сөзсіз.

Тәуелсіз мемлекетіміз барда, туымыз жығылмай, сағымыз сынбай, отбасымыз толық, шаңырағымыз шайқалмай, сәбилердің сыңғырлаған күлкісі мен мейірімімен бір-біріне күлімсіреп қарайтын ата-аналарымыз қоғамымыздың құндылығына үлес қоссын деген ниет білдіреміз. Болашақта да мұндай игілікті істер өз жалғасын таба береді.

Баршаңызды Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз! Жаңа жыл әрбір отбасына, жаңа бақыт, жаңа табыс әкелсін!

 

 

 

Шымкент қаласы әкімдігінің «Тұрмыстық

зорлық-зомбылық құрбандарына 

арналған дағдарыс орталығы» 

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 

әлеуметтік ұмыс жөніндегі консультанты 

Иманалиева Қатира Жүсіпбекқызы

 

Последнее изменение Понедельник, 14 Январь 2019 04:47
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.