Партияның негізгі бағыты – елдің кемел келешегі Избранное

Пятница, 01 Март 2019 03:50 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1891 раз

Алина Соловьева,Қазақстанның Еңбек Ері, Шымкенттегі №1 мектеп-гимназияның биология пәнінің мұғалімі:

МУГАЛИМ

– Жалпы айтқанда, мен елімізге жаңа идеология қабылдау керек деп ойлаймын және бұл сөзден қашудың қажеті жоқ. Ол табысты дамудың идеологиясы болу керек. Мен партияның басты мақсаты адамдарға көмектесу және Үкіметтің жұмысына бақылау жасау деп ойламаймын. Партияның негізгі жұмысы идеология, ұлттық бірлік, отансүйгіштік тәрбие, жастардың дұрыс жолмен дамуына ықпал ету болуы керек деп есептеймін.

Елбасының «Нұр Отан» партиясының ХVІІІ съезінде сөйлеген сөздерінен мен өзімді толғандырған осындай бірнеше мәселеге жауап таптым. Нақты өз жұмысыма қатысты айтатын болсам, жаңа білім беру саласындағы эксперименттерді тоқтатып, сапалы білім мен саналы тәрбиені алдағы уақытта басты бағдар ету керектігі аталды.

Мен оны өте дұрыс деп санаймын. Ұстаздар туралы заң да енді қабылданып, біздің түйткілді мәселеміз шешілер деген үміттемін. Айта кететін жайт, бұл заң жобасында мен болуы мүмкін емес деп ойлайтын мәселелер де қарастырылған. Соның ішінде мұғалімнің шығармашылығына қолдау білдірілетіні бізді қуантты, әрине.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.