2019 жылдың 19 наурызы күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз өкілеттігін тоқтататыны туралы мәлімдеді. ҚР Конституцияына сәйкес, мемлекет басшысы қызметін атқару міндеті Парламент Сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырылады.
Дегенмен, Елбасы саяси сахнадан мүлде тыс қалмайды. Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Қауіпсіздік Кеңесін өмірінің соңына дейін басқарады және Тұңғыш Президентте Ұлт көшбасшысы – Елбасы статусы қала бермек. Н.Әбішұлы, сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы қызметін атқаруын жалғастырады.
Еркін Сатқанбаев,
Шымкент қаласы мәслихатының депутаты