Тәуелсіздік дәуірі және Елбасы

Вторник, 19 Март 2019 17:12 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1879 раз

WhatsApp Image 2019-03-19 at 23.25.5111

Өз өкілеттілігін тоқтату туралы Елбасының шешімін естігенде қимастық сезім билегені рас. Расымен де күтпеген жағдай.

Нұрсұлтан Назарбаев, қалай десек те, ұлы тарихтың шынайы қошеметіне бөленетін тұлға. Тұңғыш Перзиденттің Қазақстан тарихындағы рөлі сан қырлы, сондықтан тәуелсіз елдің негізін қалаудағы сүбелі үлесін бір ауыз сөзбен жеткізу мүмкін емес. Қазақстан лидерінің саяси стилінің басты ерекшелігі үнемі алға ұмтылу, қарқынды даму болды. Тәуелсіздік пен Елбасының ажырамас егіз ұғым болуы да осы себепті.

Тұңғыш президент Қазақстанның 28 жылдық тарихында төрт бірдей жаhандық сын-қатерден алып шықты. КСРО үйіндісінің орнына нарықтық қатынастарға негізделген жүйе құрды. Азия дағдарысы күшейіп тұрған кезінде 2030 стратегиясы қабылданды, сондай-ақ болашаққа ұмтылған жасампаз елдің жарқын символына айналған Астананың құрылысы басталды.

Мұнан соң жаhандық қаржылық дағдарысқа үдемелі индустриялды инновациялық даму бағдарламасымен, жаңа жаhандық ахуал дабылына 2050 стратегиясымен «Нұрлы жол» бағдарламасымен бес институтционалды реформамен және үшінші жаңғырумен жауап берді.

Тәуелсіз Қазақстан әлемдік дағдарыстан айтарлықтай шығынсыз өтті.

«Ханда қырық кісінің ақылы бар» дейді қазақ.

Нұрсұлтан Назарбаевтың ел алдындағы еңбегі өлшеусіз. Әлемдегі мықты көшбасшылардың бірі болды. Тарихшылардың зерттеуінше көктүркілер заманынан бері Ұлы далада жүздеген хандықтар мен қағанаттар биледі. Бәрінің де аңсар арманы өз алдына ел болу еді. Алайда, мойындауымыз қажет, ешқайсысы да мемлекетін әлемнің алты құрлығына таныта алған жоқ. Барша адамзат баласын ымыраға шақырып, келісім жүргізе алған жоқ.

Ендеше, 30 жылға жуық кезең ішіндегі татулықтың тамырын, ынтымақтың ырысын, бейбітшіліктің қадірін білейік. Дәуірлі ой мен дүбірлі істердің түп-тамырында әрбір қазақ тәубе ететін құндылық жатыр. Ол – Елбасы орнатқан елдің амандығы, бірлігі мен бүгінгі бейбіт тірлігі, берекесі мен ырысы.

Айгүл ҚАПБАРОВА,
«Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС директоры,
«Шымкент келбеті – Панорама Шымкента» газеттерінің бас редакторы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.