Нұрсұлтан Назарбаев – кемеңгер тұлға, көреген көшбасшы

Вторник, 19 Март 2019 17:30 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3167 раз

WhatsApp Image 2019-03-19 at 23.30.28

Елбасының Қазақстанның тәуелсіз ел болып қалыптасуында сіңірген еңбегі өлшеусіз. Оның ішінде жастарға деген ілтипаты ерекше екенін атап өткен жөн. Жыл сайынға дәстүрлі жолдаулары мен маңызды баяндамаларындағы тапсырмалары жастарға тікелей байланысты. Себебі болашағынан зор үміт күттіретін білімді ұрпаққа, әрқашан өз сенімін білдіреді.

«Болашақпен» шетел асып, білімі мен тәжірбиесін ұштастырып қайтқан жастар бүгінде ел игілігі үшін қызмет етіп жүр. 2019 жылды жастарға арнауы да болашаққа деген үлкен бастама. Жатақхана, білім гранттары мен тұрғын үймен қамтамасыз етуді де басты назарға алып нақтылы жұмыстар жүргізілуде. Кәсіп ашып, өз ісін дөңгелетемін деуші жас тұрғындар үшін де барлық жағдай жасалып келеді.

«Біз тәуелсіздік жылдары көп жұмыс атқардық. Экономикасы қарқынды дамып келе жатқан заманауи прогрессивті мемлекет құрып, бейбітшілік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз еттік. Бұл біздің үлкен байлығымыз. Сапалы әрі тарихи маңызы зор құрылымдық конституциялық және саяси реформалар жүргіздік. Қазақстанның халықаралық беделінің артуына, оның өңірдегі геосаяси рөлін жоғарылату үшін көп жұмыс істедік», деді Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында.

Міне, біз Мемлекет басшысының атқарған жұмыстары мен өлшеусіз еңбегін билік еткен уақытта ғана емес, мәңгі жадымызда сақтаймыз.

Аят Азимов, жас кәсіпкер, «SALEM» ЖШС директоры

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.