Полицейлер қонақжайлық танытты Избранное

Пятница, 05 Апрель 2019 05:27 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2350 раз

ДВД-2 2

Шымкенттің тәртіп сақшылары шетелдік қонақтарға қонақжайлылық көрсетті.

Франциялық Брайнттар отбасы Қазақстанға алғаш рет келіп отыр. Олар полицейлердің қонақжайлылығы мен қонақтарға деген ерекше ықыласына разы болды.
Полицейлер шетелдік қонақтардың көліктеріне қауіпсіз тұрақ тауып беріп қана қоймай, оларға қаланың көрікті жерлерін аралатты. Шымкент қаласы полиция департаментінің аға лейтенанты, ағылшын тілін жетік меңгерген Төлеген Боранбаев қонақтардың қасында аудармашы-гид болып жүрді.
Туристерді, сондай-ақ, қаланың бас полицейі Ералы Жумаханбетов өзі қарсы алып, Шымкентке 2020 жылы ТМД мәдени астанасын атап өтуіне орай тағы да қонақ болуға шақырып, сәттілік тіледі.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.