Мәслихат депутаттары жұмысшылармен кездесті

Среда, 24 Апрель 2019 04:19 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2426 раз

Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары жеңіл өнеркәсіп саласының жұмыскерлерімен кездесті. Халық қалаулылары арнайы экономикалық аймақта орналасқан кәсіпорындардың еңбеккерлерін алдағы сайлауда белсенді болуға шақырды.

Кездесу барысында кезектен тыс Президент сайлауы жөнінде ақпарат беруге бағытталған диалог алаңы ұйымдастырылды. Еліміздегі саяси доданың ел өміріндегі маңыздылығына тоқталған депутаттар жұмысшылардың науқан алдындағы ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Сайлау алдағы әлеуметтік-экономикалық мақсат-міндеттер мен бағдарламаларды ойдағыдай лайықты жүзеге асыруды айқындап беретін, еліміздің ішкі және сыртқы саясаттағы сабақтастығы мен тұрақтылығын сақтап қалатын құрал екені айтылды.

Өз кезегінде кәсіпорын жұмысшылары да бұл бастамаларға қолдау көрсетіп, саяси додаға түсетін үміткерлердің арасынан дұрыс таңдау жасайтындықтарын жеткізді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.