Кандидаттар штабының жұмысы белсенді Избранное

Пятница, 17 Май 2019 04:18 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2296 раз

Шымкентте Қазақстан коммунистік халық партиясының штабы ашылып, жұмысын бастады.

– Қазір қалада партия атынан тіркелген 10 сенімді өкілі сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына кірісті. Көшелерге насихат плакаттары ілініп, парақшалар таратылуда, - деді партияның қалалық штабының жетекшісі Нұрлан Қадырқұлов.

Сенімді өкілдер, бұл жұмыстармен қатар, мектеп-гимназиялардың педагогтарымен кездесті.

Штаб өкілдері алдағы күндері маңызды кездесулердің ұйымдастырылатынын айтады. Онда ҚР Президентігіне үміткер Жамбыл Ахметбеков жергілікті ұстаздар және зауыт еңбеккерлерімен жүздесіп, сайлауалды бағдарламасымен таныстырмақ.

Штаб өклідері үгіт-насихат жұмыстары аясында қалалық қан орталығында футбол және флешмоб өткізілу де жоспарда бар екенін жеткізді.

 

«Ауыл» ХДПП Шымкент қалалық филиалының төрағасы Қанатбек Досалиев қалада құрылған штабтың сенімді өкілдерімен бірге «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында болып, «Ауыл» ХДПП-дан ҚР Президенттігіне кандидат ретінде тіркелген Төлеутай Рақымбековтың сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

Партия өкілдері компания жұмысшыларының еңбек процесімен танысып, отандық өнімнің дайындалу барысын тамашалады. Жұмысшылармен отандық өнімді дамыту жайында пікір алмасты.

Штабтың бұдан кейінгі насихаттық топтың жүздесуі «Әлем БТ» ЖШС, «LUX SHOES» ЖШС-де жалғасты.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.