100-ден аса «АДАЛДЫҚ ДҮКЕНІ» бар

Пятница, 17 Май 2019 04:36 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2652 раз

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі қала мектептерінің оқушыларымен кездесу ұйымдастырды.

адалдык дукени2

Жиынға «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Е.Төлебаев, қалалық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы А.Текебаева, мектеп директорлары, мұғалімдер мен оқушылар қатысты. Осылайша жастардың бойында адалдық, парасаттылық және өзін-өзі дамытуға бағытталған адами қасиеттерді тәрбиелеуге бағытталған «адалдық дүкендері» табысты жұмыс істейтін №9, №20 және 26 мектептер кездесу алаңына айналды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті Жобалық кеңсемен бірге 6-10 мамыр аралығында қаладағы «адалдық дүкендерінің» жұмыс істеуіне мониторинг жүргізді. Нәтижесінде «Integrity Shop» жобасы сәтті іске асырылғаны анықталып, сатып алушылар арасында жақсы пікір қалдыруда.

Оқушылармен сұхбат барысында «Шымкент – адалдық алаңы» жобасының со-кураторы, департамент басшысы Әли Көмекбаев «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың миссиясы қоғамда сенім атмосферасын біртіндеп құру және жастарға өздерін адал адам ретінде анықтауға мүмкіндік беру», деп атап өтті.

Айта кетсек, Шымкент қаласында сатушысыз алғашқы дүкен М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да ашылған болатын. Қазір қалада 100-ден астам мектептерде, 10 колледжде, жоғары оқу орындарында және басқа да ұйымдарда «Адалдық дүкендері» жұмыс істейді. Бұл дүкендерде сатушы жоқ, сатып алушылар өздеріне-өздері қызмет көрсетеді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.