Жан– дүниеңді жаңғыртатын байлық Избранное

Пятница, 31 Май 2019 04:24 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2361 раз

Шымкент қалалық «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жарық көрген Оңтүстік қаламгерлері кітаптарының тұсаукесер рәсімі өтті.

Кітап және қаламгер 9

Көпшілікке ақын, журналист, аудармашы, К.Симонов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Нармахан Бегалыұлының «Жаз-жалбыз» кітабы, жазушы, аудармашы, ғалым, ҚР Мәдениет саласының үздігі Нұрғали Қадырбаевтың «Шығыстың Сұлтанбегі» кітабы, ақын, әдебиет зерттеушісі, сыншы халықаралық «Нәзір қоры» сыйлығының лауреаты Сәрсен Бек Сахабаттың «Қырғауыл қонған жидетал» кітаптары, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Темірғали Көпбаевтың кітаптары таныстырылды.

Оңтүстік өңірінің жазушылары және он томдық кітаптың шығу тарихы туралы жазушы, журналист, драматург, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Мархабат Байғұт әңгімеледі. Абайтанушы, ғалым Мекемтас Мырзахметов жаңа кітаптарды оқып шыққанын, онда елдің тарихи жайында шынайы жырлағанын атап өтті.

Жиында студенттер қаламгерлердің кітаптарынан үзінділерді жатқа оқыса, кәсіпкер Тұйғынбек Әлжігіт руханият, әдебиет әлемінің тәрбиелік мәні жөнінде пікірін білдіріп, жазушы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Зылиха Жантасова ақындар әлемі жөнінде ой қозғады, ақын Сәрсен Бек Сахабаттың соңғы жазған өлеңдерін оқыды.

Последнее изменение Пятница, 31 Май 2019 04:42
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.