Жаңғыру рухани тамырдан нәр алады

Пятница, 31 Май 2019 04:29 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2697 раз

Елбасының «Рухани жаңғыру» идеясы – ұзақ мерзімге жоспарланған жоба. Нұрсұлтан Әбішұлы осынау жобаны жүзеге асыру арқылы халықтың санасын жаңғыртып, өркениетті қоғам құруды көздеді.

Бұл ретте жастарға үлкен жауапкершіліктің артылып отырғанын айта кету керек.

Атадан қалған ұлан-байтақ жерді, тіл мен дәстүрді, ұлттық құндылықтарымызды сақтап қалу өз алдына, қазіргі ұрпақ Қазақстанды әлемдегі ең дамыған елдердің қатарына қосуы тиіс. «Рухани жаңғыру» жобасы осы міндетті жүзеге асыруға сеп болатын басты құралға айналмақ.

Осы тұрғыда ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға қай пәннің болса да ыңғайы мен мүмкіндіктері мол. Ұстаздар «Рухани жаңғыру – болашаққа бағдар» жобасына үлес қосуда қолөнерге үйрету арқылы тәлім-тәрбиедегі, оқу-тәрбие процесіне арқау ету қажеттігін күн санап сезінуде.

Қолөнерді заманауи үрдісте меңгертуде табиғи материалдардың бірі - жүнді пайдалануға болады. Киіз басу, сырмақ сыру, текемет, алаша және ұлттық киімдер мен кілем тоқу сияқты күні бүгінге дейін өз маңызын жоғалтпай келе жатқан дәстүрлі қолөнер үлгілерін жаңаша әдіс-тәсілдерін үйрету жастарды еңбексүйгіштікке, әсемдікке талпындырып, халқының тарихын білуге, мәдени мұрасын қадірлеуге, дәстүрін жалғастыра білуге баулуға болады.

Оған қоса ұлттық қолөнер өзінің тарихы терең, мазмұны сан қилы ерекшеліктерімен жастарға рухани, эстетикалық, эмоционалдық, интеллектуалдық тұрғыда әсер етіп, олардың тұлғалық және сапалық қасиеттерін дамыта түсері сөзсіз.

Жоспарға сәйкес барлық білім беру мекемелеріне Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» шағын бағдарламасымен жұмыс жасау және үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде. Мектеп-лицейлерде кеңейтілген жиналыстар өткізіліп, оқушыларға бағдарламаның мақсаты мен міндеттері кеңінен түсіндірілді.

Жастардың бойына өз еліне деген мақтаныш пен Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға бағытталған тәрбие сағаттары тұрақты түрде өткізіліп, тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарға экскурсиялар ұйымдастырылуда.

«Тәрбие және білім» шағын бағдарламасының мақсаты – біртұтас ұлттың бәсекеге қабілетті, сындарлы, күшті, шығармашылық, патриот және белсенді тұлғасын қалыптастыру, болашақтың іргетасы тәрбие мен білім беру. Бағдарлама негізінде барлық білім беру мекемелерінде 3 бағыт бойынша «Өлкетану», «Отаным-тағдырым» және «Саналы азамат» жобалары іске асырылуда.

«Өлкетану» базалық жобасы білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елдімекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді.

Рухани-құндылық және практикалық бағдар беру оқу пәндері арқылы жүзеге асырылады, сондай-ақ, әртүрлі сабақтан тыс факультативті сабақтар, үйірмелік жұмыстар өлкені тануға ықпал етеді.

Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әр өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар.

Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс. «Туған өлке тарихы» білім беру ұйымдарында факультативтер, арнайы курстар, үйірмелер бойынша мұражайларға, мәдени-тарихи өлкеге экскурсиялар ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылуда.

Ал «Отаным – тағдырым» базалық жобасы жастардың бойында азаматтықты, патриоттықты дамыту, ұлттық тәрбие беру, бойларына патриоттық сезім ұялатуға бағытталған.

Себебі, патриотизмнің ең жақсы үлгісі мектепте туған жердің тарихын танытудан басталады.

Ә.Жылқыбаев,
Ауыл шаруашылығы ғылымдары
жоғары мектебінің деканы,
биология ғылымдарының кандидаты

 

Последнее изменение Пятница, 31 Май 2019 04:38
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.