Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасы мен стратегиялық міндеттерді жүзеге асыру арқылы әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік жасалады.
Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Үкімет отырысында мәлімдеді.– 9 маусым күні ҚР Президентін кезектен тыс сайлау өтті. ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Nur Otan партиясы съезінде ұсынылған үміткер Қасым-Жомарт Кемелұлы жеңіске жетті. Халықтың қолдауымен Елбасының стратегиялық бағдарының сабақтастығы қамтамасыз етіледі.
Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасын толығымен жүзеге асыру – біздің ортақ міндетіміз. Оның негізінде экономика мен инфрақұрылымның тұрақты дамуы, қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету, сонымен бірге, білім беру, денсаулық сақтауды жақсарту арқылы халықтың табысы мен өмір сапасын арттыру бар, - деп атап өтті Премьер-Министр.
Асқар Мамин жаңа жұмыс орындарын ашу Үкіметтің басты міндеті болатынын атап өтті.