ЕЛ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ – БАБАЛАР АМАНАТЫ

Среда, 12 Июнь 2019 05:22 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 331 раз

Күні кеше ғана елдегі аса маңызды саяси науқан – Президент сайлауын да бір кісідей өткізіп алдық. Отандастарымыздың азаматтық парызын орындап, дауыс беруі нәтижесінде Қасым-Жомарт Тоқаев Президент болып сайланды.

Мархабат

«Тыныш елге – тоқшылық нәсіп» деген аталы сөзді Күлтегін бабамыз айтқан. Тыныштығы кеткен елден береке де қашады. Сонау 90-жылдардың аласапыранында жоғалмай, теңселмей, аяғынан тік тұрған елімізді бүгінгідей бейбіт заманда берекеден айыру – пиғылы басқада жатқан топтың әрекеті.

Арандатушылар бұрын да болған, қазір де бар. Бірлігіңнің бағасын біліп, берекеңізді шашып алмаңыздар, ағайын. «Қолда бар алтынның қадірін біл» дегенді де дана қазақ айтып кеткен.
Бірлік пен ынтымақ – қазақтың мәңгілік стратегиясы. Ата-баба аманаты – ерлік пен елдік, бірлік пен ынтымақ. Сондықтан, аманатқа қиянат жасамауымыз керек. Бір тудың астында болайық!

Мархабат Байғұт,
халықаралық «Алаш»
сыйлығының иегері

Последнее изменение Пятница, 14 Июнь 2019 16:45
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.