Ұлттық кеңес – қоғамдық сенім диалогы Избранное

Пятница, 14 Июнь 2019 05:09 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2911 раз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қазақстанда Ұлттық қоғамдық кеңес құрылды. Осыған орай бірқатар сарапшылар өз ойларымен бөлісуде.

019

Кеңес билік пен қоғамның түрлі өкілдері арасындағы жаңа диалог алаңына айналуы тиіс. «Қазақстан-2050» Жалпыұлттық қозғалысы Кеңесінің төрағасы Мұхтар Манкеев осылай деп санайды.

– Мемлекет басшысы бұл ұсыныс туралы екі рет айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев Кеңес туралы алдымен өзінің сайлауалды бағдарламасында айтты және Президент қызметіне ресми кірісу рәсімінде қайталады. Мұндағы негізгі мақсат - билік пен қоғамның түрлі өкілдері арасындағы жаңа коммуникациялық алаң құру.

9 маусым күні өткен сайлау нәтижесі қоғам өкілдерінің Президенттікке үміткерлерге қоятын сұрақтары мен күтер үміті аз емес екенін көрсетті. Сондықтан да халықпен нақты, анық әрі ашық диалог құра білу керек. ҚР Президенті осы орайда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құрып, жан-жақты қамтуды ұсынып отыр, – дейді Мұхтар Манкеев.

Сарапшының айтуынша, ендігі негізгі мәселе – Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамында болып отыр.

– Ендігі мәселе, маңызды тұс – Кеңес құрамына кімдер шақырылады. Кез келген алаңды құру қиын емес, дегенмен, онда қоғамға пайдалы идеяларды объективті, нақты айтып, соны жүзеге асыру жолдарын ұсына алатын адамдар болуы керек. Кеңес құрамында тек сөзімен ғана емес, ісімен де қоғамға пайда келтіретін адамдар енеді. Ашық, нақты диалог құрылуы өте маңызды.

Дегенмен, біз Тоқаев мырзаның тәжірибесі мол дипломат ретінде осынау диалог алаңын құрып, оны сәтті жүзеге асыра алатынына сенімдіміз, – деп қорытты Мұхтар Манкеев.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.