Әділ таңдау жасалды

Пятница, 14 Июнь 2019 05:46 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2057 раз

Ғани ТАШҚАРАЕВ,
Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы

Ташқараев-2

Өздеріңізге белгілі, Орталық сайлау комиссиясының қорытындысы бойынша ҚР Президенті сайлауы нәтижесінде «Nur Otan» партиясы атынан түскен кандидат Қ.Тоқаев жоғары дауыс жинады.
Қасым-Жомарт Тоқаев «Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» деп тұжырымдалып, сайлауалды тұғырнамасында көрініс тапқан, болашаққа нақты сындарлы көзқарасының негізінде сенімді жеңіске қол жеткізді.

Біздің алдымызда тұрған ендігі мақсат – Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев саясатының алтын арқауы, басты өзегі болған ел бірлігі мен ынтымағының жарасымды жалғасын қамтамасыз ету.

Қасым-Жомарт Тоқаев – кәсіби біліктілігімен, әр саладағы тәжірибесімен, адалдығы және адамгершілігімен танымал ерен азамат. Президент алдағы уақытта да Елбасының стратегиялық бастамаларын жалғастырып, халқымызды бір мақсат, бір мүддеге жұмылдыра алатынына, Тәуелсіздігіміздің мәңгі болуына, елдің әл-ауқатын одан әрі жақсарту бағытындағы батыл бастамаларының барлығы да толық орындалуына бар күш-жігерін салатынына сенімдіміз.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.